Акционерлердің жалпы жиналысы

Акционерлердің құқықтары және оларды сақтау «Қазақтелеком» АҚ-ның корпоративтік басқаруының маңызды қағидаттары болып табылады. Компания акцияларды иелену үлесіне қарамастан, барлық акционерлерге, оның ішінде миноритарлық акционерлерге бірдей қарайды және ақпаратты жеткізуді бірдей тәртіппен жүзеге асырады.

2022 жылы акционерлердің 4 жалпы жиналысы (жылдық және 3 кезектен тыс) өткізілді, онда жылдық қаржылық есептілікті бекіту, дивидендтер төлеу, Қоғамның Жарғысына түзетулер енгізу, Директорлар кеңесі мүшелерінің санын азайтуды қоса алғанда, Директорлар Кеңесі құрамындағы өзгерістер мәселелері қаралды.

«Қазақтелеком» АҚ «Бағалы қағаздар нарығы туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ, Astana International Exchange Ltd және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарына сәйкес ақпаратты ашуды жүзеге асырады.

«Қазақстан қор биржасы» АҚ (kase.kz), Astana International Exchange Ltd. (aix.kz) және «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ (dfo.kz) интернет-ресурстарында Компанияның басқару органы мен атқарушы органының құрамы туралы, корпоративтік оқиғалар туралы, ірі акционерлердің құрамы туралы, акционерлердің алдағы жалпы жиналыстары және олардың қорытындылары туралы, бағалы қағаздар шығарылымдары туралы ақпарат, сондай-ақ акционерлер мен инвесторлардың мүддесі үшін қаржылық есептілік және басқа да ақпарат жарияланады.

Сонымен қатар, акционерлер мен мүдделі тараптарды кеңінен қамту үшін ақпарат Компанияның сайтында ашылады.