Корпоративтік бизнес

2022 жылғы қызмет нәтижелері бойынша корпоративтік сегментте компанияның B2B, B2G, B2O сегменттері бөлінісіндегі кірісі ҚҚС-сыз 150,999 млрд теңгені құрады.

3,884
млрд теңге 2022 жылы жаңа бизнестен түсетін кірістің өсуі

2022 жылы корпоративтік сегментте өнім желісін дамыту, неғұрлым тиімді цифрлық арналарды анықтау және оларды дамыту, қызмет көрсетуді дербестендіру және цифрландыру, ҚДО-ның жобасын дамыту сияқты бағыттарға басты назар аударылды.

«Қазақтелеком» АҚ — цифрлық экономиканың бизнес-­серіктесі стратегиялық міндетін іске асыру шеңберінде корпоративтік сегментте 2022 жылы жаңа бизнестерден түскен түсімнің өсімі өткен жылға қарағанда 3,884 млрд теңгені құрады. Негізгі өсім бейнебақылау қызметтерін ілгерілету есебінен қалыптасты.

Пандемиядан кейінгі кезеңде іс-шараларды өткізу 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда корпоративтік сегменттегі қызметтердің жылыстауын 21,6 мың құрылғыға (26%) қысқартуға мүмкіндік берді.

Компанияның корпоративтік сегменттегі кірісі, млрд теңге

B2B
35,4 38,5 39,6 42,8
2020 (дерек) 2021 (дерек) 2022 (дерек) 2023 (жоспар)
B2G
43,3 53,8 52,9 58,4
2020 (дерек) 2021 (дерек) 2022 (дерек) 2023 (жоспар)
B2O
54,0 57,0 58,4 65,4
2020 (дерек) 2021 (дерек) 2022 (дерек) 2023 (жоспар)

Корпоративтік сегменттегі компанияның кіріс құрылымы, %

29% 35,1% 8,3% 3,9% 0,2% 3,1% 5,4% 5,3% 9,7%
Халықаралық операторлық нарық Ішкі операторлық нарық Корп.ақпараттық-коммуникациялық қызметтер Теледидар Жаңа бизнестер ҚДО-ның қызметтері Өзге қызметтер Телефония Деректерді беру

Корпоративтік сегменттегі кірістер құрылымында 35,1% мөлшеріндегі ең үлкен үлесті деректерді беру желісінің қызметтерін ұсынудан түскен кіріс құрайды. Қазақстан Республикасының операторларымен өзара іс-қимылдан түскен кірістің үлесі 29,0%-ды құрайды, ал халықаралық операторлармен келісім бойынша кірістің үлесі 9,7%-ды құрайды.

B2B және B2G сегменттеріндегі көлемдік көрсеткіштердің динамикасы, мың құрылғы

Тіркелген желілер
560 527 493 488
2020 (дерек) 2021 (дерек) 2022 (дерек) 2023 (жоспар)
КЖҚ
125 123 121 128
2020 (дерек) 2021 (дерек) 2022 (дерек) 2023 (жоспар)
ТД
19 18 17 18
2020 (дерек) 2021 (дерек) 2022 (дерек) 2023 (жоспар)
IP VPN
22 22 21 20
2020 (дерек) 2021 (дерек) 2022 (дерек) 2023 (жоспар)

Тіркелген желілер сатылымының төмендеуі мессенджер-субституттар мен әлеуметтік желілердің дамуына байланысты қалыптасқан әлемдік үрдіс болып табылады. Клиенттердің пандемиядан кейінгі кезеңде шығындарды қысқарту жөніндегі іс-шараларды өткізу шеңберінде корпоративтік желілер оңтайландырылды, бұл КЖҚ, ТД және IP VPN нүктелерінің таратылуына әкелді.

Интернет желісіне және IP VPN қол жеткізуді қамтамасыз ету қызметтері бөлінісінде 2021 жылға қарағанда ARLB 2022 жылғы өсімі, %

IP VPN
1,1% 83,8 84,7
2021 (дерек) 2022 (дерек)
КЖҚ
9,3% 19,5 21,3
2020 (дерек) 2021 (дерек)

2022 жылдың қорытындысы бойынша 2021 жылмен салыстырғанда ARLB коммерциялық көрсеткіші Интернет желісіне КЖҚ беру бойынша әр нүкте үшін ай сайын 1 800 теңгеге өсті, бұл 9,3%-ды құрайды, IP VPN беру бойынша әрбір қосылған нүкте үшін өсім ай сайын 900 теңгені (1,1%) құрады.

2022 жылдың соңында В2Х сегментіндегі клиенттік база 63 342 клиентті құрайды, оның ішінде В2О сегментінде 160 байланыс операторымен, В2G сегментінде-15 835 мемлекеттік ұйыммен, В2В сегментінде 47 347 бизнес компаниялармен шарттарды сүйемелдеу жүргізіледі. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы клиенттік база 1 803 клиентке өсті, бұл +2,9%.

Өнім желісін кеңейту және саралау

Компанияның корпоративтік сегменттегі тарифтік саясаты компанияның клиентті қанағаттандырушы сату моделіне көшу бойынша алға қойылған стратегиялық мақсаттарын орындауға бағытталған өнім ұсыныстарын ­қалыптастыруды көздейді.

Осыған байланысты сегментке бағытталған модель шеңберінде SOHO сегменті үшін бірқатар пакеттік өнім ұсыныстар қатары әзірленіп іске асырылды.

2022 жылғы шілдеде осы сегмент үшін сегіз пакеттен тұратын және клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарланған жаңа Kasipker желісі іске қосылды. Бастапқы пакет құнының диапазоны ҚҚС-ті есептегенде 8 500 теңгеден басталады. Бұл ретте пакетке телефония, КЖҚ, ұялы телефония қызметтері және жақсартылған техникалық сипаттамалары бар IMOU камераларын жалдау кіреді.

Сонымен қатар, 2022 жылдың қазан айынан бастап SOHO сегменті үшін Nomad пакеттері әзірленіп, ҚҚС-пен 8500 теңгеден бастап сатылымға енгізілді. Бұл пакеттерде әртүрлі толтырылатын 3 пакеттен тұратын «Ұялы телефония», «LTE технологиясы бойын­ша тіркелген Интернет» + «IMOU бейнекамераларын жалдау» Plug&Play қызметтерін қосу көзделген.

Сонымен қатар, 2022 жылы:

  • Alan тарифтерінің жаңа желісі. Желі ойын клубтары үшін FTTx технологиясы негізінде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейді;
  • HoReCa пайдаланушы санаттары үшін КЖҚ және iD TV қызметтерін ұсыну бойынша пакеттік ұсыныс;
  • келісімшарттар жасасу/қайта жасасу, конкурс/тендер қорытындыларын шығару кезеңіне арналған B2G сегменті үшін «Уақытша бұғаттау» өнімі ұсынысы әзірленді.

2022 жылы сегіз қызмет іске қосылды, оның екеуі ірі корпоративтік және мемлекеттік ұйымдар үшін («Бейнеаналитика» және «Дабыл түймесі») және күрделі шығындарсыз кез келген күрделіліктегі бизнес-міндеттерді шешу үшін ismet.kz порталында алты жаңа бұлттық қызмет іске қосылды. Коронавирустық пандемиядан кейінгі қазіргі жағдай коммерциялық және мемлекеттік ұйымдардың жұмысшыларды қашықтан жұмыс режиміне ауыстыруына әкелді, іс-шаралар мен пайдаланушылардың кейбір әрекеттері онлайн режиміне ауыстырылды, маркетингтік бюджеттер digital арналарына қайта бағытталды. Осы және басқа процестер жедел шешімдер мен айтарлықтай ресурстық қуаттарды қажет етеді. Тапшылық бұлтты қызмет сегментінің өсу драйверлерінің бірі болды, ал бизнестің шығындарды азайту қажеттілігі бұлтқа ыңғайлы шешімдерді табуға әкелді, мысалы:

Виртуалды серверлер

кез-келген күрделі бизнес мәселелерін шешу үшін бэкаптарды (панельге қосылады) баптау мүмкіндігі бар жоғары деңгейлі серверлер негізінде ұйымдастырылған: жоғары жүктемелі веб-қосымшалар, мәліметтер базасы, RDP арқылы қашықтағы жұмыс үстелдері және басқа да көптеген тапсырмалар хостингі.

Виртуалды ДӨО

Vmware виртуализациясы негізінде жасалған ыңғайлы web-панель арқылы бұлттық инфрақұрылымды икемді конфигурациялау мүмкіндігі бар арнайы ресурстар пулы.

Open Source негізіндегі VPS

ISMET.KZ -тен Linux басқару жүйесі серверлердің жоғары жылдамдығына және орнатудың қарапайымдылығына кепілдік беретін Open Source шешімдеріне негізделген.

Бұлтты сақтау

Swift, S3 бойынша қол жетімді түрлі деректерді сақтау үшін сенімді және қауіпсіз S3 бұлтты нысан қоймасын жасауға мүмкіндік береді.

DNS-хостинг және мониторинг

доменнің DNS жазбаларын оңай басқаруға және сайтқа қол жетімділікті арттыруға мүмкіндік береді, өйткені біз тәуелсіз NS серверлерін қолданамыз.

SSL-сертификаттар

интернетте деректерді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етеді, доменге меншік құқығын растайды және іздеу жүйелерінде алға жылжуға көмектеседі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша корпоративтік сегменттегі killer-өнім «DDoS-шабуылдардан қорғау сервисі» болды, жыл басынан бері табыс өсімі 980%-ды құрады. Сервистің клиенттері Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі ірі банктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының байланыс операторлары болып табылады.

Алдын ала болжам бойынша 2023 жылы killer өнімдері «Бейнеаналитика» және «Дабыл түймесі» болады деп күтілуде.

Цифрландыру

2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ жедел қарқынмен клиенттерге онлайн-қызмет көрсету тәжірибесін енгізуді жалғастырды. Жұмыс өсуге және жаңа клиенттерді тартуға, оларды онлайн-қызметке ауыстыруға, сондай-ақ клиенттерге қызмет көрсетуді жақсартуға және адалдықты арттыруға бағытталған.

ISMET.KZ бизнес-платформасында қызметтер мен сервистерді қашықтан алуға мүмкіндік туды:

  • оптикалық технологиялар бойынша Интернетті қосу кезінде техникалық мүмкіндікті лезде тексере отырып қызметтерді онлайн қосуға өтінім беру;
  • өтінім беру/жүгіну және олардың жеке кабинетте өңделу мәртебесін қадағалау;
  • проблеманың өзін-өзі диагностикалауын жүзеге асыру және зақымдануды жоюға онлайн өтініш беру;
  • дербес шот бойынша операцияларды жүзеге асыру: нақты ақпарат алу, теңгерімді толықтыру;
  • құжаттарды электронды түрде (шарттар, АЖА, салыстыру актісі және т. б.) ЭЦҚ не QR алу және қол қою;
  • өз өніміңіз немесе қызметіңіз туралы ақпаратты орналастыру;
  • серіктестерді, клиенттерді, мердігерлерді және т. б. іздеу.

Сонымен қатар, клиенттерден сұралған құжаттар саны азайды. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция клиенттің келісімімен құжаттарды электронды түрде алуға мүмкіндік береді. ISMET.KZ платформасының тіркелген пайдаланушыларының саны 2022 жылы 27%-ға артып, 80 мыңнан астам пайдаланушыны құрады.

>80
мың пайдаланушы ISMET.KZ платформасында тіркелген пайдаланушылар саны

Цифрлық трансформация аясында «Қазақтелеком» АҚ бүкіл ел бойынша «Ауылдағы цифрлық серіктес» жобасын іске қосты. Жобаның идеясы ауыл тұрғындарын интернетпен қамтамасыз етуге жеке кәсіпкерлерді тарту болып табылады, бұл ретте серіктес оператормен бірге ақша табуға мүмкіндігі бар. Жоба серіктесімен барлық өзара іс-қимыл цифрлық арна арқылы жүзеге асырылады.

Техникалық шарттарды онлайн алу бойынша жоба іске қосылды, бұл орта және ірі бизнестің клиенттерін қосу процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «NPS В2В адалдық деңгейі» өткен жылғы көрсеткішті сақтап, 15%-ды құрады. Клиенттердің наразылығының негізгі себебі мыс технологиясы бойынша КЖҚ қызметтерінің сапасына байланысты.

В2Х сегментіндегі кіріс және шығыс трафик өсуді жалғастыруда. Сервистердің қолжетімділігіне, проблемаларға жауап беру жылдамдығына, оптикалық технологиялардың қолжетімділігіне сұраныстың артуына байланысты 2023 жылы корпоративтік сегменттің алдында бизнесті жақсартылған техникалық сипаттамаларға көшіру, оптикалық технологиялар бойынша КЖҚ қосылу жылдамдығын арттыру бойынша жаһандық міндеттер тұрады. Мұндай жақсарту клиенттерді цифрлық ортаға көшіру бойынша жұмысты жалғастыруды және қызмет көрсету уақытын қысқарту, жасыл экономика қағидаттарын енгізу және өзіне-өзі қызмет көрсету форматында көрсетілетін қызметтер санын ұлғайту арқылы цифрлық қызметтерді пайдалануға ынталандыруды қамтиды.

Қазыналық деректер операторы

«Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 205 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 363 бұйрығына сәйкес қазыналық деректер операторлары анықталды: «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС және «Jusan Mobile» АҚ.

«Қазыналық деректер операторы» (ҚДО) жобасы сауда операциялары және/немесе қызметтер көрсету кезінде жасалатын БКМ пайдалана отырып, ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кіріс органдарына жедел режимде беруді қамтамасыз етеді.

«Қазақтелеком» АҚ 2015 жылдан бастап сымды және сымсыз VPN-арналар («Алтел» АҚ, «Кселл» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС SIM-карталары) арқылы салық органдарына қазыналық деректерді тұрақты түрде қабылдау, өңдеу, сақтау және беру қызметтерін ұсынады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша БКМ белсенді қосылу саны 302 273 бірлікті құрады, өткен жылмен салыстырғанда белсенді клиенттік база 30 мыңға төмендеді. Төмендеудің себебі ҚДО нарығының өзгеруі және жедел баға бәсекелестігі болды.

ҚДО кірісі (мың теңге) және БКМ саны (дана)

Тіркелген желілер
3 980 774 5 325 690 5 399 524 4 694 779
2019 2020 2021 2022
КЖҚ
312 128 346 660 332 289 302 273
2019 2020 2021 2022

«Транстелеком» АҚ, «Jusan Mobile» АҚ және «Кар-Тел» ЖШС сияқты қазыналық деректер операторларының нарығында жаңа ойыншылардың пайда болуына қарамастан, Компания бизнес-процестерді оңтайландыру және цифрландыру және түпкі пайдаланушыларға қызмет көрсету есебінен Қазақстанның ҚДО нарығында көшбасшылық позициясын сақтайды.

2022 жылы ҚДО жобасын дамыту шеңберінде жаңа өнім БКМ тегін бағдарламасы «Е-касса» іске қосылды. Бәсекеге қабілетті тарифтермен 1, 3, 6, 12 айға жазылу жүйесі іске қосылды. Компания бәсекелестік нарық жағдайында клиенттік базаны ұстауға және сақтауға бағытталған.

ҚДО жобасы шеңберінде 2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ:

  • пейдтен кейінгі, жылдық келісімшарттық тарифтерді әзірлеу;
  • тарифке 100%-ға дейін жеңілдікпен промокодтарды әзірлеу;
  • дәстүрлі КТ қызметтері бар пакеттік шешімдер үшін CRM 2.0 интеграциясы;
  • бизнес үшін тауарларды есепке алу жүйесі үшінбағдарламалық жасақтаманы әзірлеу жоспарлануда.

B2O

Халықаралық оператор сегменті

Халықаралық операторлық сегментте 2022 жылы мынадай жобалар іске асырылды:

Франкфурт қаласында «PoP-тораптарды ұйымдастыру» жобасы;

«Каспий теңізі арқылы ТОБЖ төсеу» жобасы, алдын ала сараптама сатысында бизнес-жоспар;

«Дауыстық трафикті ХКО-дан NGN желісіне аудару» жобасы бойынша 2022 жылы NGN желісіне көшіру — 7 оператор, 52 арна;

B2O сегменті үшін interconnect жаңа биллингтік жүйесін енгізу бойынша КБД/АТД жұмыс тобы құрылды, техникалық тапсырма әзірлеу сатысында;

Қытай — Еуропа транзиттік арналарын ұсыну үшін желіні жаңғырту жобасы. «Транзит 20х100g» жобасын іске асыру барысында Қытай — Еуропа бағытында сыйымдылығы 1х100гб/с транзиттік арна ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай шекарасында China Mobile, China Unicom, China Telecom халықаралық байланыс операторларымен түйісулерді кеңейтуге меморандумдарға қол қойылды.

2023 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер

Корпоративтік бизнес бойынша 2023 жылға арналған жоспарларға Интернет-трафикті тұтынудың өсу үрдісін сақтау кіреді. Өткен кезеңге ұқсас, кірістің негізгі өсімін:

  • «Гонконг қаласында PoP-торапты ұйымдастыру» жобасын іске асыру;
  • Қытай — Еуропа бағытында жаңа 2х100g транзиттік арналарды сату (геосаяси жағдайға байланысты тоқтатылған тендерлер қайта басталған жағдайда);
  • Орталық Азия, оның ішінде Ауғанстан бағытында жаңа транзиттік арналарды сату;
  • «Каспий теңізі арқылы ТОБЖ төсеу» жобасы бойынша бизнес-жоспарды бекіту;
  • дауыстық трафикті ХКО-дан NGN желісіне аудару (5 оператор, 5 арна);
  • B2O сегменті үшін interconnect биллингтік жүйесі үшін бизнес-талаптарды әзірлеу және ағымдағы жүйені одан әрі жаңарту немесе АТД-мен бірлесіп жаңасын енгізу есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Байланыс операторларымен келісім

Байланыс операторларымен келісімдер департаменті (БОКД) Компанияның ҚР-ның байланыс операторларымен және байланыс арналарын жалға алушылармен өзара іс-қимылы жөніндегі қызметті жүзеге асырады:

  • БО желілері мен жалға алушыларды қоғамның телекоммуникация желісіне, деректерді беру желісіне және Интернет желісіне қосу бойынша қызметтерді ұсынады;
  • байланыс арналарын (халықаралық, қалааралық және аймақішілік), БО және жалға алушылар үшін IP VPN қызметтерін жалға береді;
  • Департаменттің орталықтандырылған шарттары бойынша БО, байланыс арналарын жалға алушылармен және ведомстволық желілердің иелерімен өзара есеп айырысуды жүргізеді.
43 203
млн теңге байланыс операторларымен келісімдер департаментінің 2022 жылғы кірістері

2022 жылы БОКД кірісі 43 млрд 203 млн. теңгені құрады, жоспар бойынша 41 млрд 245 млн. теңге және 104,7% орындалып, өсім 2021 жылмен салыстырғанда 1 млрд 999 млн. теңгені немесе 105%-ды құрады. 2022 жылы жоспардың орындалуына Ресейдегі саяси жағдайға байланысты ұялы байланыс операторларының дауыстық трафигі көлемінің өсуі және операторлардың Интернет желісіне қол жеткізу қызметіне қосылуы әсер етті.

БОКД шығындары 6,36 млрд теңгені құрады, жоспар бойынша 6,17 млрд теңге, 103,1% орындалды. Артық шығындарға Ресейдегі саяси жағдайға және пиринг шарттарына байланысты транзиттік трафиктің өсуі әсер етті. БОКД бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешек жыл соңында 4,4 млн теңгені құрады.

2023 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер:

  • Бөлімшеге жүктелген міндеттерді/функцияларды уақтылы орындау.
  • 5G стандартының желісімен қамту аймақтарын енгізу бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен және ұялы байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасау.
  • 2022 жылмен салыстырғанда «Тасымалдау желісі және Интернет арналарын жалдау» қызметі бойынша байланыс операторлары бойынша көлемдердің өсуі.
  • ҰБО кіріс шарттары бойынша төлем бөлігінде шарттық міндеттемелерді уақтылы орындау.
  • FMS шарты бойынша «МТ-С» ЖШС-мен өзара іс-қимыл нұсқаулығын әзірлеу.
  • KazSat қызметтерін жалға алудың табыстылығына қатысты мәселелерді пысықтау.
  • АЕМ-дегі ТОБЖ жобасы бойынша қызметтерге ҰБО қосу.

B2G

Бюджеттік ұйымдарға сату департаментінің (БҰСД) негізгі мақсаты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне телекоммуникация қызметтерін ұйымдастыру және ұсыну болып табылады.

Негізгі көрсеткіштердің орындалуы:

  • Жоспар бойынша ЕКЖ — 23 922 525 млн теңге, факт — 23 593 646 млн теңге (98,6%), 2021 жылға қарай 2022 жылғы ЕК асыра орындау сомасы +1 412 891 теңге.
  • Жоспар бойынша жылыстау — 2 303, факт — 969 (42%).

2022 жылы «ҚР ІІМ бейнебақылауға арналған тасымалдау» жобасы іске асырылды, аталған жоба бойынша кіріс 3,4 млрд теңгені құрады.

2023 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер:

  • «ҚР ІІМ бейнебақылауға арналған тасымалдау» жобасы бойынша 3,4 млрд теңге көлемінде кірісті сақтау.
  • Жаңа порттардың ТД қосылу/арналардың өткізу қабілеттілігін арттыру бойынша тоқтауды азайту.
  • «Қазақтелеком» АҚ қызметтеріне ауысу перспективасымен әлеуетті клиенттер базасын (МО/БҰ) пысықтау және портфель бойынша ағымдағы (оның ішінде «АЕМ-дегі ТОБЖ» МЖӘ жобасы бойынша) кірісті сақтау.
  • «АЕМ-дегі ТОБЖ» МЖӘ жобасы шеңберінде сәйкестік туралы актілерге қол қою процесін автоматтандыру жүйесін енгізу.

2023 жылға арналған жобалар:

  • АЕМ-дегі ТОБЖ жобасы (МЖӘ 2.0).
  • Мектептерге арналған ТОБЖ жобасы.
  • «Каспий теңізінің түбіне ТОБЖ төсеу» жобасы.