«Қазақ­теле­ком» АҚ-ның Компаниялар тобының құрылымы

GRI 2-6

Еншілес компаниялар «Қазақтелеком» АҚ-ның инфокоммуникация нарығында интеграцияланған сервис-провайдер ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады:

  • телекоммуникация нарығының мобильді сегментіндегі «Қазақтелеком» АҚ Тобының ұстанымын күшейту және дәстүрлі телекоммуникация қызметтерін дамытуға үлес қосу;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның негізгі қызмет түрлерін толықтыратын жаңа өнімдерді іске қосу;
  • электрондық коммерция сияқты жаңа бағыттарды дамыту («Қазақтелеком дүкені»);
  • цифрландыруды және үлкен деректермен жұмыс істеуді қамтамасыз ету.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мобильді операторының 100% қатысу үлесін иеленген Khan Tengri Holding B. V. Жалғыз акционер «Қазақтелеком» АҚ шешіміне сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен 28.12.2022 ж. таратылды. Khan Tengri Holding B. V. таратылуына байланысты «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің 100% қатысу үлесі «Қазақтелеком» АҚ-ға берілді, тиісінше «Қазақтелеком» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып табылады.

Мобильді бизнес

  • Өз қызметін Kcell, Activ, Tele2 және Altel брендтерімен жүзеге асыратын «Кселл» АҚ және Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС жетекші мобильді операторлары.
  • 2022 жылғы желтоқсанда «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Консорциумы Қазақстан Республикасында 5G/IMT бесінші буынының ұялы байланысын енгізу мен дамытуға жиілік жолақтарын бөлу бойынша аукционда жеңімпаз деп танылды. Консорциум конкурстық құжаттама шарттарына сәйкес бірінші жыл ішінде Астана, Алматы және Шымкентте 5G базалық станциясын, ал келесі төрт жылда облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда жылына 784 базалық станцияны орнатуға міндетті. 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75%-ы және облыс орталықтарының 60%-ы 5G технологиясымен қамтамасыз етілетін болады.
  • Бесінші буын желісін өрістету және Қазақстанда 5G индустриясының экожүйесін дамыту экономикаға сөзсіз және елеулі әсер етеді. Бұл цифрлық трансформацияны жүзеге асыру есебінен болады, мұнда 5G платформалары экономиканы трансформациялаудың негізгі факторларына айналады.
  • 5G шағын бизнеске, мемлекеттік қызметтерге және тіпті жеке үй шаруашылықтарына смарт өнімдер мен қызметтердің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік беру арқылы цифрландыруды қолжетімді етеді.
  • 5G жылдамдығы, сенімділігі және ауқымы қазірдің өзінде цифрлық трансформация платформасы бола отырып, үлкен әлеуметтік және экономикалық пайда әкеледі.

«Цифрлық Қазақстан»

  • «Кселл» АҚ «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС және «КаР-Тел» ЖШС-мен бірлесіп «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бөлігі болып табылатын «250+» жобасына қатысудың арқасында бүкіл ел бойынша мобильді байланыспен қамтуды кеңейтуде айтарлықтай прогреске қол жеткізді. «250+» жобасының мақсаты — 250 және одан да көп адам тұратын ауылдық елді мекендерде (АЕМ) кең жолақты мобильді интернетке қол жеткізуді ұсыну есебінен Қазақстанның барлық халқын цифрландырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу. «250+» жобасы шеңберінде «Кселл» АҚ және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС 2021-2022 жылдары міндеттемелерін орындады және 240 АЕМ-де МКЖҚ қамтамасыз етілді: тиісінше 139 АЕМ-де «Кселл» АҚ және 101 АЕМ-де «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС. Бұдан басқа, мобильді операторлар АЕМ желілерін LTE технологиясына дейін жаңғыртуды жүзеге асырды: «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС 276 АЕМ және «Кселл» АҚ 108 АЕМ.

Бизнеске арналған жаңа мүмкіндіктер

  • «Қазақтелеком дүкені» тауарлар алаңы арқылы электрондық коммерцияны дамыту;
  • «Қазақтелеком» АҚ-мен жаңа бағытты бірлесіп өткізу — Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау;
  • Қордың портфельдік компаниялары үшін бірыңғай ақпараттық қауіпсіздік орталығын қалыптастыру.

Позицияларды күшейту

  • Ауылдық жерлерде бекітілген байланыс;
  • Ресей Федерациясымен байланыс торабы;
  • Аутсорсингтік байланыс орталығының қызметтері;
  • Астана қаласындағы Деректерді өңдеудің жаңа орталығы (ДӨО).

Ұялы байланыс

«Кселл» АҚ (51%)

«Кселл» соңғы 20 жылда Қазақстандағы ең заманауи, технологиялық дамыған және ауқымды ұялы байланыс желілерінің бірін салуға қол жеткізді. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ-мен интеграция жүргізілуде, бұл B2B және B2C сегменттеріндегі қызметтер желісін едәуір кеңейтуге, сонымен бірге шығындарды төмендетуге және қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«Кселл» компаниясы мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламаларды жіберу қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру қызметтерін, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізуді ұсынады.

Kcell және Activ брендтері B2B және B2C сегменттерінің жоғары бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық нарықтарында жақсы жұмыс істеді және қызмет көрсету сапасы мен құндылығымен танымал. «Кселл» 2G, 3G және 4G/LTE желілерінде шексіз жұмыс істеуге лицензиясы бар.

2022 жылғы негізгі нәтижелер

>1 000
базалық станция 2020 жылдан бастап ауылдарда желілерді дамытудың міндетті және меншікті бағдарламалары бойынша іске қосылды
+40%
жабдықты жаңартқаннан кейін деректерді беру жылдамдығын арттыру

«Кселл» АҚ негізгі цифрлық қазақстандық ойыншы ретінде нарықтағы өз орнын нығайтуды жалғастыруда. Nexign Converged BSS цифрлық платформасында оператордың бірыңғай биллингін енгізу жөніндегі жобаның аяқталуы 2022 жылғы маңызды оқиға болды. Енгізу барысында екі брендтің: Kcell және Activ 8 млн астам абоненттік базасының барлық сегменттерінің жаңа ортаға көшуі жүргізілді. Қысқа мерзімде іске асырылған бұл жоба компанияға жаңа өнімдер мен қызметтерді, соның ішінде 5G технологиясы негізінде нарыққа шығаруға мүмкіндік береді.

«Кселл» АҚ технологиялық көшбасшылыққа қол жеткізу мақсатында желіні салу және жаңарту, сондай-ақ оны интеграциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Осылайша, 2022 жылы барлығы 5G-ready 1272 базалық станцияда жабдық орнатылып, жаңғыртылды. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде инсталляциялық жұмыстар жүргізілген орындарда деректерді беру жылдамдығының 40%-ға дейін ұлғайғаны тіркелді. Сонымен қатар, Түркістан және Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Қызылорда облысының Әйтеке би кентінде жиіліктер рефармингі өткізілді. Осы жұмыстардың арқасында 4G-ның жылдамдығы артты.

«Кселл» АҚ қоғам алдындағы барлық жауапкершілікті сезіне отырып, ауылдық жерлерде байланысты дамытуды жалғастыруда. 2020 жылдан бастап ауылдарда іске қосылған базалық станциялардың саны міндетті бағдарламалар бойынша 468-ді және ауылдық жерлерде желілерді дамытудың меншікті бағдарламалары бойынша шамамен 550-ді құрайды. Сондай-ақ, Компания 2023-2024 жылдарға арналған дербес бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерде МКЖҚ желісін дамытуды жоспарлап отыр. 06.03.2023 ж. жағдай бойынша базалық станциялар 7 АЕМ-де іске қосылып, қазіргі уақытта 10 АЕМ-ден астам жерде жұмыс жүргізілуде.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (100%)

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС — 2G/3G/4G (LTE/LTE Advanced) ұялы байланыс қызметтерінің толық спектрін ұсынатын және Tele2 және Altel брендтерімен қызметтер көрсететін Қазақстандағы мобильді оператор.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС мобильді дауыстық байланыс, қысқа хабарламаларды беру қызметтерін, мультимедиялық хабарламалармен алмасу, мобильді контентке қол жеткізу сияқты қосымша қызметтерді (VAS), сондай-ақ деректерді беру, оның ішінде Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсынады.

2022 жылғы негізгі нәтижелер

+10%
2021 жылмен салыстырғанда кірістің өсуі және EBITDA өсімі
54%
2022 жылғы тиімділік

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (МТ — С) қызметін табысты жүзеге асырады: 2022 жылдың қорытындысы бойынша негізгі жоспарлы қаржылық көрсеткіштер асыра орындалды. 2022 жылғы түсім 2021 жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті, EBITDA 2021 жылға қарай 10%-ға өсті және тиімділігі 54%-ды құрады.

МТ–С республиканың телекоммуникация саласындағы технологиялық көшбасшылықты сақтайды және соңғы пайдаланушылар үшін озық технологияларды енгізуді жалғастыруда. Speedtest беделді халықаралық рейтингінің нұсқасы бойынша үшінші жыл қатарынан МТ-С мобильді интернеті ең жылдам деп танылды.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында МТ-С жыл бойы түрлі коммерциялық белсенді жұмыстар жүргізді және жаңа тарифтік желілерді іске қосты.

Сондай-ақ, 2022 жылы МТ-С және «Кселл» АҚ технологиялар мен қызметтерді одан әрі жетілдіруге жәрдемдесу үшін озық тәжірибелермен бөлісуді жалғастыра отырып, барлық әлеуетті синергияларды барынша пайдалану үшін өз желілерін интеграциялау бойынша жұмыстарды жалғастырды.

Ақпарат­тық-ком­муника­циялық қызметтер

«QazCloud» ЖШС (49%)

Компания Қордың компаниялар тобында қызмет көрсету үшін бірыңғай сервистік провайдер ретінде жұмыс істейді. 2022 жылдың қорытындысы бойынша кіріс 10 млрд теңгені құрады.

Қызметтер спектрі:

  • IaaS — Инфрақұрылым сервис ретінде;
  • Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметтері;
  • IT-аутсорсинг/аутстаффинг;
  • Компьютерлік жабдықтар мен кеңсе жабдықтарын жалға алу;
  • SAP жүйелерін техникалық қолдау және дамыту;
  • Сандық трансформация;
  • Басқа IT-қызметтер.

2022 жылғы негізгі нәтижелер

2022 жылы Қосши қ. ДӨО-ның екінші кезегін қабылдау жүзеге асырылды. Қосымша 100 тірек пайдалануға берілді.

ISO 27017 бойынша қауіпсіз бұлтты сервистерді ұсыну бойынша үздік тәжірибелерге сәйкестігіне сертификаттаудан өтті.

ДӨО QC-і PCI DSS бойынша сертификатталған. Сертификаттау банк саласындағы компаниялардың жабдықтарын орналастыру үшін қажет.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап «Қазақтелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесі шешімі бойынша ашық екі кезеңдік тендер арқылы «Қазақтелеком» АҚ-ға тиесілі қатысу үлесін сату бойынша іс-шаралар өткізілді. Барлық рәсімдерді аяқтау 2023 жылы жоспарлануда.

Техникалық ресурстар

«ВОСТОКТЕЛЕКОМ» ЖШС (100%)

«ВОСТОКТЕЛЕКОМ» ЖШС ауылдық елді мекендерде (АЕМ) телефония және интернет қызметтерін ұсыну үшін «Қазақтелеком» АҚ-ның жиіліктік-техникалық ресурсы болып табылады.

2022 жылы сала реттеушісі айқындаған 50-ден 250 адамға дейінгі халқы бар АЕМ-де КЖҚ-ны қамтамасыз ету жөніндегі жобаны іске асыру жалғастырылды.

«КТ АйИкс» ЖШҚ (100%)

Компания IPLC және IP VPN бойынша клиенттерді қоса және оларға қызмет көрсете отырып, Ресей Федерациясындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның техникалық торабы ретінде жұмыс істейді:

  • өзінің №9 ХҚТБ-дағы торабына қосады және IPLC және IP VPN арналарын жалға беру бойынша операторлар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді;
  • бұл Google, ВКонтакте, Mail.ru, «Қазақтелеком» АҚ желісіндегі HD, UHD, 4K форматтарындағы анықтығы жоғары телевидения контенті трафигін бағыттай отырып, Интернет желісінің пирингтік алаңы болып табылады;
  • Telepresence жоғары сапалы бейнеконференция қызметтерін көрсетеді.

Жаңа бизнестер

«НУРСАТ+» ЖШС (100%)

«Нұрсат+» ЖШС — электрондық коммерция саласындағы бизнестің жаңа бағыттарын дамытатын «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы.

Компания 2022 жылы электрондық коммерция қызметтерін дамытуды жалғастырды. «Қазақтелеком дүкені» (shop.telecom.kz) іске қосылды. Жоба бойынша негізгі оқиғалар:

  • «Wi-Fi роутерлер мен аксессуарлар», «Ақылды үйге арналған тауарлар» және «4G базасындағы Интернет» сияқты «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметтеріне арналған санаттарды қоса алғанда, тауарлар санаттарын дамыту.
  • Телекоммуникациялық тауарлары бар негізгі маркетплейстерде сатушы ретінде қатысуды дамыту.
  • Процестерді роботтандыру және операциялық жұмыс арқылы бизнестің тиімділігін арттыру үшін RPA негізінде автоматтандыруды дамыту.
  • Front және back сату воронкасын дамыту үшін сайт пен CRM жүйесінің бірқатар функцияларын әзірлеу және іске қосу.

«КТ-Телеком» ЖШС (100%)

«Қазақтелеком» АҚ 2021 жылдың қазан айында Жылжымайтын мүлік қорын құру жобасы шеңберінде компанияны одан әрі «Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ға айналдыру мақсатында «Кселл» АҚ-дан «КТ-Телеком» ЖШС-нің 100%-ын сатып алды. 2022 жылы ұйымдастырушылық шаралар өткізілді.

«Цифрлық экономиканы да­мыту орталығы» ЖШС (100%)

2022 жылы «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау мен қадағалауды дамыту бойынша іс-шараларды жүзеге асырды.

2022 жылы темекі өнімдері мен аяқ киімдерді міндетті таңбалау жұмыстары жалғастырылды. 2022 жылдың екінші жартысында фармацевтикалық тауарлардың бір бөлігін міндетті таңбалау іске қосылды, сондай-ақ «Тері бұйымдары», «Киім» және «Зергерлік бұйымдар» тауар топтары бойынша пилоттар өткізілді.

Бизнестің жаңа бағыттарын дамыту мақсатында «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС 2022 жылы B2B сегментінде жаңа АКТ-сервистерін әзірлеуді және енгізуді бастады: Корпоративтік сегментте коммерциялық таңбалау, Ұлттық тауарлар каталогы.