Сатып алу тәжірибелері

Басқару тәсілі

GRI 3-3

Сатып алу қызметін басқару Компанияның ішкі құжаттарына және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органының нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алу процестерін басқару құралы қордың электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесі болып табылады.

Компания сатып алу саласындағы келесі принциптерді ұстанады:

  • шығындарды азайту;
  • қажетті сападағы қажетті тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен уақтылы қамтамасыз ету;
  • сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
  • қабылданатын шешімдерді бақылау және жауапкершілік.

Сатып алу жүйесін дамыту Қор деңгейінде жүзеге асырылады, онымен бірлесіп Сатып алуды санатты басқару жөніндегі стратегиялар әзірленеді.

GRI 2-6, 204-1

Сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында «Телеком комплект» дирекциясының базасында сатып алу және импортты алмастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың тапсырмаларымен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Орталық жобалау кеңсесімен жұмыс істеуге бағытталған импортты алмастыру жөніндегі жергілікті жобалау кеңсесі құрылды. Бұдан басқа, Қордың сатып алу мәселелері жөніндегі уәкілетті органы жыл сайын сатып алудағы жергілікті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің үлесін ұлғайту жөніндегі тиімділіктің нысаналы көрсеткіштерін айқындайды.

«Жергілікті» географиялық анықтамасы және «Қазақтелеком» АҚ қызметін жүзеге асырудың негізгі орны компанияның қатысушы елі — Қазақстан ­Республикасын білдіреді.

Жергілікті жеткізушілерге арналған шығындардың үлесі

GRI 2-6, 204-1
Көрсеткіштер 2020 2021 2022
Жеткізушілер саны 2 328 2 312 2 133
Сатып алу сомасы, мың теңге 91 900 000 70 500 000 93 283 774
Жергілікті жеткізушілерден сатып алу сомасы, мың теңге 90 865 589 49 830 167 27 434 683

Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің айтарлықтай өзгеруі 2022 жылы есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты.

«Қазақтелеком» АҚ-да ТДК құрылымдық бөлімшесі болып табылатын және аккредиттеудің мәлімделген саласында өнімді сынауға, сондай-ақ кабель-өткізгіш өнімдерін, патчкордтарды, сплиттерлерді, АКБ-ны кіріс бақылауына арналған Сынақ зертханасы құрылды. №KZ.T.02.2382 аккредиттеу аттестаты 2020 жылдың 30 қыркүйегінде алынды.

Зертхананың қызметін жоғары білікті сарапшылар қамтамасыз етеді, сынақ хаттамаларын ұсына отырып, 60-қа жуық түрлі тексерулер жүзеге асырылады. Зертхана NCA-мен аккредиттелген, бұл жүргізілген сынақтардың максималды сенімділігін растайды.

GRI 2-6

Есеп беру кезеңінде Компанияда бұрын аз дамыған бәсекелестік тәсілмен сатып алу рәсімін жүргізу жалғасты. 2022 жылы бәсекелестік тәсілмен сатып алу үлесі айтарлықтай өсті, сонымен қатар баға ұсыныстары бар ашық тендерді қоса алғанда, бірнеше басқа әдістер тартылды.

«Қазақтелеком» АҚ жергілікті жеткізушілермен ынтымақтастыққа ерекше мән беріп, олардан тауарлар мен қызметтерді сатып алуды жөн көреді. Компания өз қызметінде ұлттық экономика мен жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған мемлекеттің саясатын ұстанады.

2023 жылға және орта мерзімді келешекке арналған жоспарлар

Компания 2023 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға, Қордың электрондық платформасында сатып алудың жаңа ережелерін енгізуге, жеткізушілердің мінез-құлық Кодексін әзірлеуге бағытталған, сондай-ақ бәсекелестік тәсілдің пайызын ұлғайтуға және жергілікті қоғамдастықтармен әртүрлі тәсілдермен әріптестік қатынастарды нығайтуға ниетті.