2022 жылғы негізгі оқиғалар

Қаңтар
17.01

«Қазақтелеком» АҚ жеке және корпоративтік сегменттердегі өз клиенттері үшін ТЖ режимі кезеңінде қолдау шараларын жариялады. Абонент жеке тұлғаларға өз қызметтеріне 2022 жылғы қаңтардағы ай сайынғы абоненттік төлемге 50% мөлшерінде жеңілдік беру негізгі шара болды. «Қазақтелеком» АҚ шағын және орта бизнесті қолдау аясында өзінің корпоративтік клиенттеріне ҚДО (Қазыналық деректер операторы) және интернет қызметтеріне 50% мөлшерінде жеңілдік ұсынды.

Ақпан
08.02

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлердің пайдасына ұжымдық шартты өзектендірді. Жаңартылған құжат компанияның барлық әлеуметтік жеңілдіктер пакетін сақтай отырып, қызметкерлердің лауазымдық жалақыларының ең төменгі деңгейлерін арттыруды көздейді.

Наурыз
16.03

«Қазақтелеком» АҚ-ның Компаниялар тобының таза табысы 2021 жылдың қорытындысы бойынша 97 млрд теңгеден асты. Еліміздің ірі телекоммуникациялық операторының компаниялар тобы өз қызметінің барлық негізгі қаржылық көрсеткіштерінің өсуіне қайтадан қол жеткізді. Атап айтқанда, 2021 жылы Топтың кірісі 13%-ға артып, 2020 жылдың қорытындысы бойынша 527 млрд теңгеге қарағанда 594 млрд теңгені құрады, ал таза пайда 97 млрд теңгеден асып, бір жыл ішінде 49%-ға ұлғайды.

Сәуір
04.04

«Қазақтелеком» АҚ-ның TV+ мультиплатформалық сервисі өзінің алғашқы мерейтойын 300 мың пайдаланушымен қарсы алды. Сервис сапалы функционал мен контентті таңдау арқылы осындай танымалдылыққа ие болды.

Мамыр
04.05

«Қазақтелеком» АҚ «Ауылдағы цифрлық серіктес» атты жаңа жобаны іске қосты. Жоба ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты және сапалы интернетпен қамтамасыз етуге, ал кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді.

Маусым
30.06

«Қазақтелеком» АҚ ел экономикасын цифрлық трансформациялауды жүзеге асыруға және таяу болашақта Қазақстанда жаңа цифрлық қызметтерді құруға мүмкіндік беретін 5G технологиясын енгізу тұжырымдамасын таныстырды.

Шілде
12.07

«Қазақтелеком» АҚ Astana IT University базасында цифрлық таланттарды дамыту үшін өз университетін ашты. Еліміздің жетекші ЖОО-ларының бірімен ынтымақтасу ұлттық мүдделі маңызды стратегиялық жобаларды іске асыру үшін «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметкерлерінің құзыреттерін жүйелі түрде дамыту қажеттілігіне негізделген.

Тамыз
10.08

«Қазақтелеком» АҚ республикадағы ең заманауи GPON технологиясы бойынша көппәтерлі үйлерді жоғары жылдамдықты интернетке қосуды жалғастыруда. Бүгінгі таңда мұндай желілер 24 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйлерге салынған.

17.08

«Қазақтелеком» АҚ шалғайдағы ауылдарды интернетке қосуды жалғастыруда және олардың тұрғындарын «радиомост» технологиясы бойынша барлық заманауи телекоммуникация қызметтерімен қамтамасыз етеді.

Қыркүйек
05.09

«Қазақтелеком» АҚ Қостанай облысында орман өрттерінен зардап шеккендерге қолдау көрсету шаралар кешенін жариялады. Әулиекөл ауданының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне телекоммуникациялық қызметтерді толық көлемде ұсына отырып, оларды 2022 жылдың соңына дейін абоненттік төлемнен босатты. Сондай-ақ ең көп зардап шеккен үш ауылдан келген жеке тұлғалардың қарыздары мен өсімпұлдары есептен шығарылды.

12.09

«Қазақтелеком» АҚ-ның еQoldau жобасы IDC Future Enterprise Awards 2022-де үздік деп танылды. «Цифрлық технологиялар әлеміне көшуді жеделдету» атты жыл сайынғы IDC CIO Summit 2022 саммиті барысында елдің жетекші телеком-операторы IDC Future Enterprise Awards 2022 сыйлығының екінші орын ала отырып, ТМД елдері арасында CIO/СDO рейтингінде үздіктердің біріне айналды. Бұдан басқа, ауыл тұрғындарына арналған цифрлық көмекшілер — «Қазақтелекомнан» eQoldau қоғамдық қолжетімділік пункттері «Жылдың цифрлық жобасы» номинациясы бойынша үздік деп танылды.

15.09

«Қазақтелеком» АҚ Шымкенттегі FWA желілерімен қамту аймағын кеңейтуде. Халық саны бойынша еліміздің үшінші мегаполисінде жеке сектор тұрғындарын сымсыз интернетпен қамтамасыз ету жобасы табысты іске асырылуда. Ол үшін FWA технологиясын қолдайтын 12 базалық станция орнатылып, 1200-ге жуық тұрғын жоғары жылдамдықты интернетке қосылған.

28.09

«Қазақтелеком» АҚ Астанадағы «Digital Bridge 2022» көрмесінде Open RAN технологиясын таныстырды. Оны іске қосу ұялы байланыс желілері үшін дәстүрлі радио жабдықтарын өндірушілердің жабық технологиялық шешімдерінен ұлттық технологиялық компанияларды қоса алғанда, жаңа өндірушілердің ашық бөлшектелген шешімдеріне көшуге мүмкіндік береді.

28.09

«Қазақтелеком» АҚ және Azertelecom Int. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат Қазақстан мен Әзірбайжан арқылы Еуропа мен Азия арасында жаңа цифрлық телекоммуникациялық дәліз құруды көздейтін «Цифрлық Жібек жолы» (Digital Silk Way) ауқымды жобасының бөлігі болып табылатын «Қазақстан-Әзірбайжан» бағыты бойынша Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) жобасы шеңберінде екі оператордың стратегиялық серіктесуін көздейді.

Қазан
27.10

Қостанай облысында орман өрттерінен зардап шеккендерге жоғары жылдамдықты интернет ұсынылды.

Қараша
04.11

«Қазақтелеком» АҚ 39 млрд теңгеден астам сомаға дивиденд төледі. Дивидендтер 2021 жылғы бөлінбеген пайдадан төленді және бір қарапайым акцияға шаққанда 3 590,39 теңгені құрады.

22.11

S & P Global Ratings «Қазақтелеком» АҚ-ның түсімінің одан әрі өсуін және кредит қабілеттілігінің жақсаруын болжайды. Халықаралық рейтингтік агенттік кезекті рет «Қазақтелеком» АҚ-ның «ВВ+» деңгейіндегі кредиттік рейтингі туралы жыл сайынғы есебін жариялады («Тұрақты» болжамы расталды), онда 2022-2023 жылдар кезеңінде Қазақстанның ірі телеком-операторы түсімінің одан әрі органикалық өсуін болжады.

Желтоқсан
08.12

Fitch Ratings S & P Global Ratings артынан «Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін растады. Халықаралық рейтингтік агенттік «Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін ВВВ- деңгейінде («Тұрақты» болжам) растады. Рейтингтің негізгі драйверлерінің ішінде сарапшылар компаниялар тобының тұрақты нарықтық позицияларын, қиындықтарға қарамастан күшті нәтижелерді, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықтың айтарлықтай қорын атайды.

12.12

«Қазақтелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесінің шешімімен алдағы 10 жылға арналған JRun жаңа стратегиясы қабылданды. JRun Комнанияның сыртқы және ішкі клиенттерге, бизнесті, технологияларды және инфрақұрылымды дамытуға деген ұмтылысын көрсететін Jaqyn, BiRlik, AlaU және Оken атты төрт стратегиялық даму бағытынан тұрады.

23.12

«Мобайл Телеком Сервис» ЖШС және «Кселл» АҚ ұялы байланыс операторларының консорциумы 5G технологиясы үшін 3600-3700 және 3700-3800 МГц (100 МГц) радиожиілік диапазондарына сауда-саттықты жеңіп алды. «Қазақтелеком» АҚ-ның Компаниялар тобының мобильдік операторлары 2027 жылдың соңына дейін еліміздің республикалық маңызы бар қалалары мен облыс орталықтарында 5G енгізетін болады және 7 мыңнан астам базалық станция салуды жоспарлап отыр.

26.12

Курчатов Қазақстанда оптикалық желілерге толығымен көшкен алғашқы моноқала болды. «Қазақтелеком» АҚ Курчатов тұрғындарының «оптикаға» 100% көшіру жұмыстарын аяқтады. Телеком-оператор моноқала желісін жаңғырту жөніндегі ауқымды жоба шеңберінде шамамен 29 шақырым магистральдық желі салып, өзінің инфрақұрылымын ұлғайтты.