Алғы сөз

Сіздердің назарларыңызға «Қазақтелеком» АҚ-ның нақты жай-күйін көрсететін, Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне неғұрлым жан-жақты шолу жасалған, өткен 2022 жылғы кезекті біріктірілген есебі ұсынылады.

Бұл құжат күрделі шығындар көлемінің көптігіне қарамастан, еліміздің ірі телеком-операторы өткен жылдың қорытындысы бойынша өтімділіктің қолайлы деңгейін сақтап қалғанын, ал оның табысы жеткілікті жағымды деңгейге жетті. 2022 жылдың бірінші тоқсанында қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде еліміздің ірі телекоммуникациялық операторы абоненттерді қолдау бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдаған болатынын естеріңізге сала кетейік. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ 2022 жылдың қыркүйек айының басынынан былтырғы жылдың соңына дейін Қостанай облысы Әулиекөл ауданының ауқымды орман өрттерінен зардап шеккен тұрғындары мен кәсіпкерлерін абоненттік төлемнен босатты. Бұдан басқа, осы аймақтың жеке тұлғалары мен бизнес құрылымдарынан оларға есептелген қарыздар мен өсімпұлдар есептен шығарылды, бұл да Топтың жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтауына кедергі болған жоқ.

1,9
млн абонент кең жолақты секторда
14,5
млн абонент ұялы байланыс сегментінде

«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникацияның ішкі нарығының барлық сегменттерінде қызметтер мен сервистердің ауқымды ассортиментін ұсынатын Қазақстанның телекоммуникациялық нарығының тіркелген телефония, иентернетке кең жолақты қолжетімділік, ұялы байланыс, ақылы теледидар және IT-өнімдер саласында сөзсіз көшбасшысы мәртебесін бұрынғыдай сақтап қалды. Бұл ретте Компанияның сөзсіз және бәсекелестік артықшылығы бүкіл республика бойынша 85 мың шақырымнан астам талшықты-оптикалық желіні, 14 мыңнан астам базалық станцияны, 27 деректерді өңдеу орталығын және 40 мың қалалық бейнебақылау камерасын қамтитын дамыған және қуатты инфрақұрылым болып қала береді. Бұл инфрақұрылым Компаниялар тобына кең жолақты қолжетімділік секторында 1,9 млн астам абонентке, ұялы байланыс сегментінде 14,5 млн астам абонентке сапалы қызмет көрсетуге және 930,7 мың ақылы теледидарға қосылу нүктесіне қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

930,7
мың нүкте ақылы теледидарға қосылу

2022 жылдың соңында бұл факторлар S&P Global Ratings және Fitch Ratings беделді халықаралық агенттіктері тарапынан Компанияның «Тұрақты» деңгейіндегі рейтингін бағалау үшін негіз болды. Олар өз есебінде қолда бар инфрақұрылым мен берік нарықтық позициялар есебінен Топ кірісінің одан әрі органикалық өсуін болжады. «Қазақтелеком» АҚ-ның тұрақтылығы мен бүкіл Топтың табысты эволюциялық даму мүмкіндігінің тағы бір дәлелі Компанияның өзі үшін ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл ел үшін стратегиялық маңызды жобалар портфелі болды.

Бірінші кезекте, бұл республикада бесінші буын байланыс стандартының желісін күшейту: таяудағы бес жылда «Қазақтелеком» АҚ-ның компаниялар тобы бүкіл Қазақстан бойынша 7 мыңнан астам 5G базалық станциясын орнатылып, оның бір бөлігі ағымдағы жылдың өзінде-ақ үш мегаполисте пайдалануға берілетін болады. 2022 жылдың тағы бір жетістігі «Әзірбайжан-Қазақстан» бағыты бойынша Каспий теңізінің түбінде талшықты-оптикалық желі құрылысының мкүрделі халықаралық жобасын бірлесіп іске асыру жөніндегі әзірбайжандық әріптеспен келісімге қол қою болды. Бұл жобаны іске асыру елге халықаралық деректер трафигіне қосымша жол ашады және Азия елдерінен Қазақстан аумағы бойынша Еуропаға жаһандық трафиктің транзитін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа арна жасайды.

Компанияның ірі және маңызды жобаларына сонымен қатар желіні дедупликациялау, қалада да, ауылда да «соңғы миль» желілерін жаңарту және салу, FWA — тіркелген сымсыз байланыс технологиясын дамыту, сондай-ақ Akamai, Facebook, Google, Cloudflare, Netflix және Meta әлемдік контент-провайдерлерінің қосымша кэштеу серверлерін орнату кіреді. Сонымен қатар, еліміздің ең ірі телеком-операторы Instagram (оның ішінде IGTV/Reels), WhatsАpp, Facebook, сервистерінің жұмысын жақсарту бойынша шаралар қабылдады: «Қазақтелеком» АҚ-ның дербес кэштелген серверлеріндегі трафикті оқшаулау есебінен жауаптың кешігуін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туды.

Бүгін Топ елімізді цифрландыруға тікелей қатысады: digital-сервистерді белсенді дамытады және өнеркәсіптік және коммерциялық кәсіпорындарға, жергілікті және орталық атқарушы органдарға цифрландыруға көмектеседі. «Қазақтелеком» АҚ бірнеше жыл бұрын өз жұмысында үлкен деректерді кеңінен қолдануға кірісіп, осы уақыт ішінде осы сегментте өзінің серіктестері бүкіл Қазақстан бойынша қолданып жүрген бірқатар дербес құралдарын жасады. Компания қызметінің басты нәтижесі бүгінгі таңда республика халқының 99%-ға жуығы барлық заманауи цифрлық технологиялар мен сервистерді пайдалануға мүмкіндік беруі болып табылады.

Мұндай нәтижеге нарықтың барлық сегменттерінде көшбасшылық позицияларды сақтауға және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС және «Кселл» АҚ мобильді операторларын қоса алғанда, Топ шеңберінде синергия мүмкіндіктерін барынша пайдалануға бағытталған стратегияны іске асыру есебінен қол жеткізілді. Осы жылы «Қазақтелеком» АҚ бір жыл бұрын негізі қаланған қаржылық және техникалық негіздерді пайдалана отырып, осы бағыттар бойынша өз жұмысын жалғастыруға ниетті.