Жанама экономикалық әсерлер

GRI 203-1, 203-2

Компания жұмыс орындарын құру, сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту арқылы қатысу аймақтарында оң экономикалық және әлеуметтік әсер етуге ұмтылады. Бұл экономикалық әсерлер БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары және БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттары, атап айтқанда 8-ші ТДМ «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», 9-шы ТДМ «Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым», сондай-ақ БҰҰ Жаһандық шартының 6-шы қағидаты «Іскер топтар еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітушілікті жоюға әрекет етуі тиіс» сияқты халықаралық бастамалардың күн тәртібіне сәйкес маңызды болып табылады.

Есепті кезеңде компания инфрақұрылымға және жергілікті қоғамдастықтарға инвестицияларды жүзеге асырмады. «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №126 шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық саясаты және «Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылық бағдарламасы бекітілді.

«Самұрық-Қазына» АҚ қайырымдылықтың жаңа саясатына сәйкес «Самұрық-­Қазына» АҚ-ның Компаниялар тобының барлық қайырымдылық және демеушілік қызметін бірнеше басым бағыттар бойынша конкурстық негізде іріктеу жолымен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.