Қауымдастықтарға мүшелік
«Қазақтелеком» АҚ өз қызметінің тұрақтылығын арттыру үшін ұлттық және халықаралық деңгейлерде түрлі қауымдастықтар ұсынатын міндеттерді орындауға қатысады және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытады.
Компания корпоративтік және іскерлік этиканың жоғары стандарттарын ұстана отырып және заңнама нормаларын сақтай отырып, ашық және сындарлы диалогқа, сондай-ақ мемлекеттік органдармен және басқа компаниялармен жауапты өзара іс-қимылға ұмтылады.
Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына телекоммуникациялық нарықты дамыту, заңнамалық және нормативтік базаны жақсарту, бірлескен жобаларға бастамашылық жасау және іске асыру, сондай-ақ сала мен өңірлерді тұрақты дамыту жөніндегі негізгі бастамаларды ілгерілету жатады.
Компания әртүрлі жұмыс топтарымен жұмыс істей отырып, төменде көрсетілген халықаралық және ұлттық қауымдастықтардың мүшесі болып табылады:
- «Қазақстандағы блокчейн және ақпарат орталықтарының индустриясын дамыту қауымдастығы» ЗТБ;
- «Бәсекелестікті және тауар нарықтарын дамыту қауымдастығы» ЗТБ;
- «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ;
- Халықаралық электр байланысы одағы (The International Telecommunication Union (ITU);
- «Қазақстанның Ұлттық телекоммуникациялық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі;
- Байланыс саласындағы аймақтық ынтымақтастық;
- «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы.