Компанияның экономикалық тиімділігі
Басқару тәсілі
«Қазақтелеком» АҚ қызметінің экономикалық құрамдас бөлігі компанияның өзі үшін де, мемлекет экономикасы үшін де стратегиялық жоспарлауда маңызды рөл атқарады. Ол акционерлер мен инвесторлар үшін ұзақ мерзімді құнды арттыруға бағытталған, бұл Компанияның басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының ірі телекоммуникациялық операторы бола отырып, Компания ел экономикасын жаңғырту және әртараптандыру жөніндегі стратегиялық бағытты іске асыруға елеулі үлес қосуға ұмтылады және жергілікті қамтуды дамытуға жәрдемдеседі. Әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар міндеттерді орындау Компанияның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен тиімді ынтымақтастығына ықпал етеді, нәтижесінде «Қазақтелеком» АҚ-ның негізгі нарықтардағы жетекші позицияларын нығайтуға және қалыптастыруға үлес қосады.
«Қазақтелеком» АҚ жергілікті экономикада белсенді емес адамдарға экономикалық мүмкіндіктер бере отырып, қатысу өңірлеріндегі экономикалық белсенділікке елеулі үлес қосуға ұмтылады.
Құрылған және бөлінген тікелей экономикалық құн, млн теңге
Көрсеткіш | 2022 |
---|---|
1. Құрылған тікелей экономикалық құн | 327 710 |
Кіріс (түсім) | 278 111 |
Қаржылық инвестициялардан түскен табыс | 49 599 |
Материалдық активтерді сатудан түскен табыс | 0 |
Өзге түсім | 0 |
2. Бөлінген экономикалық құн | 305 026 |
Операциялық шығындар | 144 454 |
Қызметкерлердің жалақысы, өзге де төлемдер мен жеңілдіктер | 88 700 |
- оның ішінде жалақы | 86 253 |
- оның ішінде қызметкерлерге төленетін басқа да төлемдер мен жеңілдіктер | 2 447 |
Капитал жеткізушілеріне төлем | 60 013 |
- оның ішінде төленген дивиденд | 39 512 |
- оның ішінде қаржылық шығын | 20 502 |
Мемлекетке төлем | 11 859 |
Жергілікті қоғамдастықтарға инвестициялар | 0 |
3. Бөлінбеген экономикалық құн | 22 684 |