Акционерлік капиталдың құрылымы

01.01.2023 жағдай бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ның қарапайым акцияларының иелері

GRI 2-1, 2-6
Акционерлер Акциялар саны Орналастырылған қарапайым акциялардың үлесі (%)23 Айналымдағы қарапайым акциялардың (%)24
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ 5 570 668 51,00% 52,03%
«ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ 3 084 983 28,24% 28,81%
Депозитарлық қолхаттар (номиналды ұстаушы — BNY Mellon) 1 046 150 9,58% 9,77%
Кемінде 5% үлесі бар өзге акционерлер24 1 004 313 9,19% 9,38%
Сатып алынған акциялар 216 852 1,99%
Барлық жарияланған қарапайым акциялар 10 922 876 100,00%

23 үлесі орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы санынан есептелген.
24 үлесі орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы санынан сатып алынған акцияларды шегергенде есептелген.

01.01.2023 жағдай бойынша Компанияның Басқарма, Директорлар кеңесінің мүшелері «Қазақтелеком» АҚ-ның қарапайым акцияларының меншік иелері болып табылмайды, акцияларды өзара иелену жоқ.

Компанияның Жарғылық капиталы 12 136 529 мың теңгені құрайды және 10 922 876 қарапайым акциядан және 1 213 653 артықшылық берілген акциядан тұрады. Бір акцияның номиналды құны — 1 000 теңге. Эмитенттелген акциялардың жалпы санынан «Қазақтелеком» АҚ-ның артықшылық берілген акцияларының үлесі 10%-ды құрайды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның қарапайым және артықшылық берілген акциялары 1997 жылғы 16 қазаннан бастап «А» санатындағы «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі — Биржа) ресми тізіміне енгізілді. 2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап Биржаның ресми тізімінің бірінші санатына ауыстырылды.

Қазіргі уақытта Компанияның қарапайым және артықшылық берілген акциялары «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінің «Премиум» санатына кіреді және Биржаның негізгі алаңында саудаланады.

2006 жылғы 28 сәуірде «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстанның бірқатар ірі компанияларының мемлекеттік үлестерін тиімді басқару үшін ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы №117 қаулысына сәйкес құрылған «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі АҚ-ға берілді. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы №669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы №962 қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (бұдан әрі — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Қор) «Қазына» орнықты даму қоры» мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен құрылды. Бүгінгі таңда Қор компанияның ең ірі акционері болып табылады.

2022 жылғы мамырда «Қазақтелеком» АҚ екінші ірі акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болды.

2022 жылдың бірінші тоқсанындағы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасында және әлемде «Қазақтелеком» АҚ-ның акцияларының құны 2021 жылдың соңындағы құнмен салыстырғанда төмендеді. 2022 жыл ішінде Компанияның қарапайым акцияларының ең төменгі бағасы 25 603,02 теңгеге, ал артықшылық берілген акцияларға ең төменгі баға 19 900,00 теңгеге жетті.

2022 жылдың төртінші тоқсанында 2022 жылғы бөлінбеген пайдадан дивидендтер төлеу үшін акционерлердің тізімін бекіту күні қарсаңында бір қарапайым акцияға 3 590,39 теңге сомасына «Қазақтелеком» АҚ-ның акциялар құнының қысқа мерзімді өсуі байқалды. Дивидендтер төлеу тізіміне енгізу және 2022 жылдың ең төменгі деңгейіне дейін төмендету мерзімі басталғаннан кейін «Қазақтелеком» АҚ-ның акцияларының құны 2022 жылдың соңына дейін біртіндеп қалпына келтіруді жалғастырды. 2022 жылғы желтоқсанның соңғы сауда күнінің қорытындысы бойынша биржадағы «Қазақтелеком» АҚ (ISIN kz0009093241) қарапайым акцияларының құны 28 362,32 теңгені, «Қазақтелеком» АҚ (ISIN kz0009094645) артықшылық берілген акцияларының құны 22 500,00 теңгені құрады.

Акциялардың нарықтық құнының өзгеру кестесі, теңге

25.01 11.01 08.02 22.02 08.03 22.03 15.04 19.04 03.05 17.05 31.05 14.06 28.06 12.07 26.07 09.08 23.08 06.09 20.09 04.10 18.10 01.11 15.11 29.11 13.12 27.12 18 000 20 000 22 000 24 000 26 000 28 000 30 000 32 000 34 000 36 000
KZTKp KZTK