Есеп туралы
«Қазақтелеком» АҚ-ның осы Біріктірілген жылдық есебі (бұдан әрі — Біріктірілген есеп, Есеп) Компания қызметінің 2022
жылғы қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштері туралы ақпаратты ашады. Компания ашықтық қағидатын ұстанады және
барлық негізгі мүдделі тараптар үшін кең ауқымды мәселелер бойынша ақпаратты тиімді ашуға ұмтылады. Қаржылық
көрсеткіштер бөлігінде есеп «Қазақтелеком» АҚ-ның Компаниялар тобын, қаржылық емес бөлігінде Орталық аппарат пен
Компанияның 8 филиалын қамтиды. Қаржылық және қаржылық емес көрсеткіштерді қамту шекарасындағы айырмашылықтар 2023
жылға дейін еншілес және тәуелділердің қаржылық емес көрсеткіштері бойынша статистика жүргізілмегендігімен
түсіндіріледі. Тұрақты даму саласындағы практикаларды 2023 жылы «Қазақтелеком» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарында
енгізу жоспарлануда. Есеп 2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін тиісті қызметті сипаттайды, есеп беру циклі
жылдық болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ 2017 жылдан бастап жыл сайынғы жария қаржылық емес есептерді шығарады. 2022
жылға арналған бұл Біріктірілген жылдық есеп 2023 жылғы 25 шілдеде жарияланды. Компанияның барлық есептері
«Қазақтелеком» АҚ ресми сайтында қолжетімді.
Қаржылық ақпарат шоғырландыру периметріне кіретін «Қазақтелеком» АҚ-ның Компаниялар тобы бойынша 2022 жылғы 31
желтоқсанда аяқталған жыл үшін ҚЕХС стандарттары бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілік деректері негізінде
дайындалды. Қаржылық емес көрсеткіштер тұрақты даму саласындағы халықаралық есеп беру стандарттарына — GRI 2021
стандарттары (ашу деңгейі — негізгі) сәйкес дайындалды. Есепте неғұрлым өзекті тақырыптарды ашу үшін компания ішкі
және сыртқы ортаны шолу негізінде және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл негізінде GRI 2021 стандарттарында
көрсетілген жекелеген көрсеткіштер мен тақырыптар бойынша тұрақты даму аспектілерінің маңыздылығына талдау жүргізді.
Маңыздылықты талдау нәтижелерін ескере отырып, есеп беру туралы ақпарат корпоративтік есеп беру жүйесін және GRI
2021 талаптары бойынша арнайы ақпараттық сұрауларды пайдалана отырып жиналды. Біріктірілген есепті дайындау кезінде
Компания GRI 2021 стандарттарымен анықталған есеп мазмұнын анықтау принциптерін басшылыққа алды:
- Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл-ақпаратты ашу кезінде біз мүдделі тараптардың мүдделерін ескеруге тырыстық.
- Тұрақты даму контексті — Компания өз жұмысын экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді қамтитын сыртқы орта контекстінде анықтайды.
- Маңыздылық — жылдық есепте Компанияның ең маңызды ішкі немесе сыртқы мүдделі тараптары мойындаған тақырыптарға назар аударылады.
- Толықтығы — Компания тұрақты даму саласындағы маңызды тақырыптарды жан-жақты қамтуға ұмтылады. Есепте Компания және барлық еншілес және тәуелді ұйымдар бойынша қаржылық және қаржылық емес деректер ашылған.
Есепті «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі бекітті. Қаржылық емес есептілік шеңберінде ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын растау және сыртқы куәландыруды жүргізу үшін Компания «Прайсуотерхаускуперс» АҚ-ны тартты.