«Қазақтеле­ком» АҚ-ның Компаниялар тобының өсу тарихы

1994

«Қазақтелеком» АҚ компаниясының негізі қаланған.

1995

Алматы қаласынан 52 км қашықтықта халықаралық ТранАзия — Еуропалық талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТАЕ ТОБЖ) Ұлттық секторын салу.

1996

Алматыда TLX.25 Turbo телекс станциясын іске қосу.

1997

Компанияның Қазақстан қор биржасындағы листингі.

1998

Шалғайдағы елді мекендерде телефон қызметтерін ұсыну үшін спутниктік байланыс жүйесін іске қосу.

1999
  • Kazakhstan Online сауда белгісімен деректерді берудің бірыңғай ұлттық желісін құру.
  • Алматы қаласындағы алғашқы Халықаралық коммутация орталығын (ХКО) пайдалануға беру.
2000

DialUp — «Интернет аймағы» технологиясы бойынша Интернет желісіне қол жеткізу қызметін енгізу.

2001

Орталық Азия аумағында 10 мың пайдаланушыға арналған алғашқы Internet Data Center (IDC) ашылуы.

2002
  • Ұлттық зияткерлік желіні іске қосу.
  • «Ресей-Қазақстан» талшықты-­оптикалық желілік өткелін пайдалануға қабылдау.
2003
  • «Қазақтелеком» АҚ басқарудың сапасы мен тиімділігі үшін International Gold Medal Award-тың халықаралық құрмет марапатының иегері атанды;
  • Қазақстан астанасын цифрландыруды аяқтау.
2004

Компанияны ашық акцио­нерлік қоғамнан (ААҚ) акцио­нерлік қоғамға (АҚ) қайта тіркеу.

2005

ADSL технологиясы негізінде Megaline Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін іске қосу.

2006

АКТ-ны жеке бағытқа бөлу (Ақпараттық жүйелер дирекциясы).

2007

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстан аумағында тіркелген байланыс қызметтерін 100% таратуды қамтамасыз етті.

2008

Сапа менеджменті жүйесін енгізу жөніндегі жобаны іске асыру және Теңдестірілген көрсеткіштердің ақпараттық жүйесін пайдалануға қабылдау.

2009

ID TV брендімен IPTV қызметтерін іске қосу.

2010
  • «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар академиясы» дирекциясының ашылуы.
  • «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық желілерінің Next Generation Network (NGN) технологияларына көшуі жобасын аяқтау.
2011

FTTH әмбебап талшықты-оптикалық қолжетімділік желісін салу бойынша стратегиялық жобаны бастау.

2012
  • «Кселл» АҚ-ның TeliaSonera компаниясына 49% акциясын сату.
  • Hewlett-Packard компаниясымен бірлесіп әзірленген ТМД-дағы ең ірі Деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) презентациясы.
2013

Компания «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бес еншілес ұйымында жүргізілген корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикалау нәтижелері бойынша Қордың еншілес компаниялары арасында корпоративтік басқару рейтингінің деңгейі бойынша көшбасшы болып танылды.

2014
  • LTE желісін (ALTEL еншілес компаниясы негізінде) іске қосу.
  • Жаңа буын DWDM магистральдық желісін іске қосу.
2015

«Қазақтелеком» АҚ-ның арқасында тіркелген дауыстық байланыс желілерін 100%-ға цифрландыру жүргізілді.

2016
  • Ұялы байланыс нарығында ALTEL/Tele2 бірлескен кәсіпорнын құру.
  • China Mobile-мен бірлесіп Еуропа — Оңтүстік — Шығыс Азия транзиттік бағытын ұйымдастыру бойынша Dream жобасын іске асыру.
2017

Желілерді Бірыңғай басқару орталығын құру.

2018
  • «Кселл» АҚ акцияларының 75%-ын ­сатып алу.
  • АЕМ ТОБЖ құрылысы.
2019
  • Smart Aqkol жобасын іске асыру.
  • Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 5G-ны тестілеу.
  • Бірлескен кәсіпорындағы Tele2 AB үлесінің 49%-ын сатып алу.
  • «Қазақтелеком» АҚ жыл сайынғы «TMT M&A Awards 2019» халықаралық сыйлығында «Жыл мәмілесі» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
2020
  • АЕМ-дегі ТОБЖ құрылысы аяқталды. Жобаны іске асыру барысында 2 жыл ішінде бүкіл ел бойынша 14 380 шақырым «оптика» салынды.
  • Халық саны 250 адамнан асатын ауылдық елді мекендерді кең жолақты мобильді интернетпен қамтамасыз ету бойынша «250+» жобасы іске асырылды.
  • «Қазақтелеком» АҚ темекі бұйымдарын міндетті таңбалау жүйесінің техникалық құрамдас бөлігіне, деректерді сақтауға және нарыққа қатысушылардың ақпараттық жүйелерін синхрондауға жауапты бірыңғай операторы болып айқындалды.
  • 2020 жылы негізгі бизнесті цифрландыруды, жаңа цифрлық бизнесті дамытуды және желіні цифрлық трансформациялауды көздейтін жаңа SERPIN трансформациялау стратегиясы мен бағдарламасын іске асыру басталды.
  • «Қазақтелеком» АҚ LoRa технологиясы бойынша тағы 104 базалық станцияның құрылысын аяқтады. М2М (machine to machine) және IoT-құрылғылар Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Түркістан мен Алматыда қалалық коммуналдық жүйелерге қосылуы мүмкін. Жалпы желі еліміздің 14 қаласында орналастырылған.
  • Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның кредиттік рейтингін BB+ деңгейінен («Оң» болжам) BBB- («Тұрақты» болжам) деңгейіне дейін көтерді.
2021
  • Қазақстанда Kcell желілері базасында бизнеске немесе оның филиалына елдің кез келген нүктесінде жұмыс істеуге және қол жеткізу параметрлерін өзгертпестен өзінің ақпараттық желісіне қол жеткізуге, ал қызметкерлерге мобильді болуға мүмкіндік беретін «Мобильдік офис» сервисі іске қосылды.
  • «Қазақтелеком» АҚ жаңа буынның eSIM қызметін іске қосты. Енді абоненттерге пластикалық SIM картасының сандық баламасы қол жетімді болды.
  • Қазақстан 2021 жылғы сәуірде ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Ookla Speedtest Global Index компаниясының нұсқасы бойынша мобильді интернет жылдамдығының жаһандық рейтингінде ілгерілеу қарқыны бойынша көшбасшы болды.
  • «Қазақтелеком» АҚ отандық киберспортты TV+ платформасына шығарды. Осы жылы «Қазақтелеком» АҚ іске қосқан TV+ платформасында мамыр айының соңында киберспорт бойынша отандық турнирлердің алғашқы онлайн-көрсетілімдері өтті.
  • «Қазақтелеком» АҚ Smart Turkistan жобасын іске асырудың белсенді кезеңіне өтіп, қаланың коммуналдық және муниципалдық объектілерін ірі телеком-оператор салған IoT желісіне қосылған суды тұтыну туралы деректерді қашықтықтан беретін құрылғылармен жарақтандыруды бастады.
  • «Қазақтелеком» АҚ республиканың ауылдық елді мекендерінде eQoldau ашық қол жеткізу пункттерінің желісін құрады, соның арқасында тұрғындарда цифрлық қызметтер мен электрондық сервистер әлеміне қол жеткізудің тағы бір құралы пайда болады.
  • «Қазақтелеком» АҚ Нұр-Сұлтанда FWA желісін іске қосты.
2022
  • «Қазақтелеком» АҚ «Ауылдағы цифрлық серіктес» атты жаңа жобаны іске қосты. Жоба ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықты және сапалы интернетпен қамтамасыз етуге, ал кәсіпкерлерге өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді.
  • «Қазақтелеком» АҚ ел экономикасын цифрлық трансформациялауды жүзеге асыруға және таяу болашақта Қазақстанда жаңа цифрлық қызметтерді құруға мүмкіндік беретін Қазақстанда 5G технологиясын енгізу тұжырымдамасын таныстырды.
  • «Қазақтелеком» АҚ және Azertelecom Int. ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат Қазақстан мен Әзірбайжан арқылы Еуропа мен Азия арасында жаңа цифрлық телекоммуникациялық дәліз құруды көздейтін «Цифрлық Жібек жолы» (Digital Silk Way) ауқымды жобасының бөлігі болып табылатын «Қазақстан-Әзірбайжан» бағыты бойынша Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) жобасы шеңберінде екі оператордың стратегиялық серіктесуін көздейді.