Денсаулық және жұмыс орнындағы қауіпсіздік

Басқару тәсілі

GRI 3-3

«Қазақтелеком» АҚ үшін ең жоғары құндылық қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы болып табылады, осыған байланысты Компания еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарайды. «Қазақтелеком» АҚ Даму Стратегиясының басым бағыттары қолайлы еңбек жағдайларын жасау, сондай-ақ өндірістік қызметпен байланысты тәуекелдерді және төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін барынша азайту болып табылады.

Компания озық әлемдік тәжірибеге сай болуға, сондай-ақ ұлттық және халықаралық талаптарды қатаң сақтауға және өзінің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін (ҚжЕҚ) үздіксіз жетілдіруге ниетті.

«Қазақтелеком» АҚ-ның ҚжЕҚ саласындағы басым міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін тиісінше сақтау және қолдану;
  • қауіпсіз еңбек жағдайлары мен жұмыс орындарын ұсыну;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы озық тәжірибенің заманауи технологиялары мен тәжірибелерін пайдалану;
  • өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алудың заманауи құралдары мен әдістерін енгізу.

«Қазақтелеком» АҚ-ның еңбекті қорғау саласындағы қызметінде қызметкерлердің, мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің және халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қолайсыз әсерлерді алдын ала болдырмау немесе азайту маңызды рөл атқарады. Компанияда жұмыс істейтін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды басқару жүйесі әдістемелік басшылықты, ҚжЕҚ жағдайын талдауды және бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

«Қазақтелеком» АҚ-да Компанияның барлық қызметкерлері мен мердігерлеріне қолданылатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы саясат әзірленді.

«Қазақтелеком» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі жұмыс істейтін кәсіптік денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелерін регламенттейтін негізгі ішкі құжаттар:

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясат;
  • ЖЖ ТҚКО-дағы жұмыс түрлері бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар жинағы;
  • «Қазақтелеком» АҚ филиалдарының Жергілікті желілеріне техникалық қызмет көрсету орталығының мамандықтары бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтар жинағы;
  • «Қазақтелеком» АҚ-да Арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарына қойылатын техникалық талаптар мен ерекшеліктер;
  • «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау карточкасы» бағдарламасы;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді көтермелеу регламенті;
  • «Қазақтелеком» АҚ бойынша тергеуге жататын жұмыскерлердің еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар мен ықтимал қауіпті жағдайлар кезінде хабарламаларды ресімдеу және деректерді жинау тәртібі;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның Көлік құралдарын басқару саласындағы саясаты;
  • Сапарларды басқару және жүргізу стандарты;
  • ҚжЕҚ бойынша статистикалық есептіліктің бекітілген нысандары;
  • Мерзімді міндетті медициналық тексерулерді жүргізу қағидалары;
  • Рұқсат нарядтар бойынша қауіптілігі жоғары жағдайларда жұмыстарды жүргізу қағидалары;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның өрт қауіпсіздігі ережелері» стандарты;
  • Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары;
  • «Төтенше жағдайларға дайындық және жауап беру» құжатталған рәсімі.

Басқару құрылымы мен құралдары

Компанияда «Қазақтелеком» АҚ орталық аппаратының арнайы функционалдық бөлімшесі болып табылатын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (ҚжЕҚҚ) жұмыс істейді. Қызметтің жауапкершілік аймағына Компаниядағы еңбекті қорғау бойынша барлық ұйымдастырушылық жұмыстарды күнделікті басқару және үйлестіру кіреді.

Апаттық және төтенше жағдайларды басқару рәсімін іске асыру үшін жауапкершілік Компанияның Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының басшыларына, сондай-ақ еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі жауапты қызметкерлерге жүктеледі.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің функциялары

1

Қызметкерлерді оқытуды және олардың білімін тексеруді ұйымдастыру

2

Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен Компания қызметкерлерінің жазатайым оқиғалары мен денсаулығының өзге де зақымдануына уақтылы және объективті тергеп-тексерулер жүргізуді қамтамасыз ету

3

Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген кезде объектілердің қызметін, оның ішінде қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуді, машиналар мен механизмдерді тоқтата тұру немесе шектеу

4

Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің және Компания филиалдарының басқа да өңірлік бөлімшелерінің басшыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы

5

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдармен және «Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігімен үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асыру

6

Компания филиалының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу

7

Бекітілген бағдарламаға сәйкес жаңадан түсушілермен кіріспе нұсқамалар өткізу

GRI 403-4

«Қазақтелеком» АҚ-да қызметкерлердің өндірістегі қауіпсіздік мәселелерін басқаруда маңызды рөл атқаратынын түсінеміз. Біз осы себепті қызметкерлерді еңбекті қорғауды басқару жүйесін әзірлеуге, енгізуге және бағалауға белсенді тартуды қамтамасыз етеміз. Компанияның барлық филиалдары мен орталық аппараттарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылды. Өндірістік кеңестер Компанияның және қызметкерлердің еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі бірлескен күш-жігерін ұйымдастыру бойынша тұрақты негізде жұмыс істейді, сондай-ақ жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды тексеруді ұйымдастырады. Бұдан басқа, дағдарыс жағдайлары туындаған жағдайда Компания Азаматтық қорғаныс штабымен бірлесіп, ҚжЕҚҚ-ның қатысуымен дағдарыстық жағдайларды тергеу және жою жөніндегі жұмыс тобын құрады.

2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да Компания қызметкерлерін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру процесіне тарту деңгейін арттыруға бағытталған, сондай-ақ қызметкерлерге қауіпті факторларды, ықтимал қауіпті жағдайларды және жақсы тәжірибені байқауға және хабарлауға және Компанияның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсарту жөніндегі ұсыныстарын енгізуге мүмкіндік беретін «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау карточкасы» бағдарламасы» стандарты әзірленді.

Бұдан басқа, «Қазақтелеком» АҚ-да нөлдік жарақатқа қол жеткізу үшін жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға Компания қызметкерлерін тарту мақсатында «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлерді көтермелеу регламенті» бекітілді. Регламент шеңберінде жыл сайынғы көтермелеу санаттары мен іріктеу рәсімі айқындалды, сондай-ақ көтермелеудің мөлшері мен түрлері бекітілді.

HSE тұжырымдамасы және «Қауіпсіз еңбек» жол картасы аясында жазатайым оқиғаларды азайту, нөлдік жарақатқа қол жеткізу және барлық деңгейдегі басшыларды оқыту бойынша іс-шаралар іске асырылды.

Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесімен қамтылған қызметкерлер19, адам

GRI 403-8
2020 2021 2022
Атауы барлығы, адам үлесі, % барлығы, адам үлесі, % барлығы, адам үлесі, %
Қызметкерлердің тізімдегі саны, барлығы 22 400 100 20 517 100 19 979 100
Жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесімен қамтылған қызметкерлер 22 400 100 20 517 100 19 979 100

19 жүйе ішкі аудит рәсімінен және/немесе үшінші тараптың тәуелсіз аудит/сертификаттау рәсімінен өтпеген

Менеджмент жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі

GRI 403-1

Компания еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін басқару жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығын түсінеді. «Қазақтелеком» АҚ-да халықаралық стандарттарға сәйкес келетін денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелері енгізілді. «Қазақтелеком» АҚ-да ISO 9001, ISO 14001 және ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізілді.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесі «2001 ILO-OSH 2001 ХЕҰ ЕҚБЖ Еңбекті қорғауды басқару жүйелері бойынша нұсқаулық» және ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкес бірыңғай талаптарды белгілейді.

Компанияның ҚжЕҚ саласындағы саясатының негізгі қағидаттарының бірі ILO-OSH халықаралық стандартының, олардың ҚР СТ ISO 45001-2018 ұлттық аналогының талаптарына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесін ұдайы жетілдіру және оның нәтижелілігін арттыру болып табылады.

Компания құжаттаманың ISO 45001:2018 және ISO 14001:2015 стандарттарының кәсіби денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйелерінің құжатталған ақпаратына сәйкестігіне талдау жүргізді.

Бұдан басқа, Компанияда менеджменттің интеграцияланған жүйесі шеңберінде ҚР СТ ISO 9000-2015 «Сапа менеджменті жүйелері» ескеріле отырып дайындалған «Апаттық жағдайларға дайындық және ден қою» құжатталған рәсімі әзірленді. «Негізгі ережелер мен сөздік», ҚР СТ ISO 14001-2016 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық», СТ РК ISO 45001-2019 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйелері. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық».

Құжатталған рәсімнің талаптары «Қазақтелеком» АҚ барлық филиалдарында қолдану үшін міндетті болып табылады. Құжат Компания қызметінің барлық салаларына қолданылады.

Тәуекелдерді бағалау

GRI 403-2

«Қазақтелеком» АҚ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерді басқару мәселелеріне тиісті жауапкершілікпен қарайды. ҚжЕҚ-ның негізгі тәуекелдерді басқару процесі корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің, сондай-ақ Компанияның еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерін басқару жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Жол берілмейтін қауіптер мен тәуекелдерді бағалау «Қауіптерді, экологиялық аспектілерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау. Басқару шараларын айқындау тәртібі бекітілген құжатталған рәсімге сәйкес жүзеге асырылады».

Компанияның тәуекелдер тізілімінде өндірістік жарақат негізгі тәуекелдердің бірі ретінде анықталған. Ол бойынша Компанияда тәуекелді іске асырудың алдын алуға және оны іске асырудың салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралар тізбесі қалыптастырылды.

Жұмысқа байланысты қауіптерді анықтау және тәуекелдерді бағалау үшін компанияда негізгі тәуекел оқиғасы бойынша іс-шаралар жоспары жасалады, өндірістегі жарақаттану және авариялар жөніндегі ақпарат, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылау негізінде негізгі тәуекелдік оқиғалар үшін тәуекелдердің түйінді индикаторлары бойынша өзекті мәртебе беріледі. Компания елеулі қауіптер мен жол берілмейтін тәуекелдер тізілімін бекітті. Сондай-ақ, тәуекелдердің ықтималдығы мен әсерін талдау және бағалау, ағымдағы жағдайды ескере отырып, тәуекелді азайту жөніндегі іс-шараларды қайта қарау жүргізіледі.

Компанияда 2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ бойынша тергеуге жататын жазатайым оқиғалар мен еңбек қызметіне байланысты ықтимал қауіпті жағдайлар кезінде хабарламаларды ресімдеу және деректерді жинау тәртібі» стандарты бекітіліп, қолданысқа енгізілді, ол жазатайым оқиғалар мен тергеуге жататын ықтимал қауіпті жағдайлар кезінде деректерді жинауды жеңілдетуге арналған. Сонымен қатар, 2022 жылы Басқарма Төрағасы «Тоқтату құқығы» туралы жариялады, бұл Компания қызметкерлеріне жұмыс жағдайлары қауіпті деп санаса, кез келген уақытта жұмыстарды ішінара немесе толық тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, қызметкерлерге қауіпті жұмыстарды ішінара немесе толық тоқтатқаны үшін кез келген жағымсыз салдардың болмауына кепілдік беріледі.

GRI 403-2, 403-9

«Қазақтелеком» АҚ-да тұрақты түрде жобалық тәуекелдер мен халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қолайсыз әсерлер анықталады және бағаланады, сондай-ақ қорғау, алдын алу шаралары әзірленеді. Қажет болған жағдайда Компания тиісті органдармен және басқа да мүдделі тараптармен әсерді азайту шаралары мен жоспарларына қатысты ынтымақтасады.

Қауіптерді сәйкестендіру және тәуекелдерді бағалау рәсімін жүргізу кезінде барлық қызметкердің күнделікті қызметі, адамның мінез-құлқы және оның қабілеттері, жұмыстарды орындау аймағына жақын немесе одан тыс жерде анықталған қауіптер, инфрақұрылым, құрал-жабдықтар мен материалдар, технологиялық процестер ескеріледі. Компанияда тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар белгіленіп, өткізіледі.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу

GRI 403-7

«Қазақтелеком» АҚ өндірістік жарақаттану мәселелерін басқару үшін өзінің жауапкершілігін түсінеді және Компанияда болған жазатайым оқиғалардың барлық себептерін талдау және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу үшін тұрақты кеңестер өткізуді қамтамасыз етеді.

Компания өндірістік жарақаттану мен ЖКО-ға талдау жүргізеді, соның нәтижесінде филиалдарда жазатайым оқиғалардың алдын алу және алдын алу жөніндегі іс-шаралар тізбесін қамтитын ақпараттық хаттарды дайындау және тарату жүзеге асырылады. Бұдан басқа, Компания барлық бөлімшелердегі қызметкерлермен болған оқиғалардың мән-жайлары мен себептерін, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша жоспардан тыс нұсқаулықтарды талқылайды.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында нөлдік жарақаттануды қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы жоспар іске асырылуда. Жоспардың орындалуы жөніндегі есепті Директорлар кеңесі тоқсан сайын қарайды.

Қызмет көрсету туралы шарттар жасалған мердігер ұйым қызметкерлерінің арасында Компания жарақаттанудың статистикалық есебін жүргізбейді.

«Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері арасындағы жарақаттану көрсеткіштері20

GRI 403-9
Барлық жұмысшылар үшін 2020 2021 2022
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты өлім-жітім саны (бірлік) 0 0 0
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты өлім-жітім коэффициенті (%) 0 0 0
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты ауыр жарақаттар саны (бірлік) 1 5 2
Компанияның өндірістік қызметіне байланысты ауыр жарақаттардың коэффициенті (%) 0,03% 0,14% 0,06%
Өндірістік жарақаттар саны (бірлік) 4 6 2
Өндірістік жарақаттар коэффициенті (LTIFR) (%)21 0,12% 0,17% 0,06%
Жұмыс сағаттарының жалпы саны (адам-сағат) 36 634 678 35 020 687 34 007 902

20 Аталған деректер Компания қызметкерлерінің 100%-ын қамтиды. Бұл статистикадан ешқандай жұмысшылар санаты алынып тасталған жоқ.
21 Коэффициенттер жұмыс істеген 1 000 000 сағат негізінде есептеледі.

2022 жылы Компанияда екі ауыр өндірістік апат болды.

Жарақаттың негізгі себептері:

  • үшінші тараптың кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы;
  • Ақтөбе қаласында ақаулы жабдықтардың жарылуына әкеп соққан жауапты басшылардың қауіпсіз еңбекті тиісінше ұйымдастырмауы.

Анықталған жазатайым оқиғалардың нәтижелері бойынша «Қазақтелеком» АҚ басшылығы мынадай түзету шараларын қабылдады:

  • арнайы тергеу жүргізу;
  • Компанияның филиалдары мен дивизиондарындағы жұмыс жабдықтарын ҚжЕҚ талаптарын сақтау үшін толық тексеру;
  • жауапты басшыларға тәртіптік сөгіс;
  • материалдық залал үшін өтемақы беру.

Қауіпсіз жұмыс жүргізуді оқыту және дамыту

GRI 403-5

Компания қызметті жүзеге асыру кезінде еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі талаптардың сақталуын міндетті түрде қамтамасыз етеді және бақылайды, апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. Бұдан басқа, «Қазақтелеком» АҚ-да қызметкерлердің тиісті талаптарды саналы түрде сақтау деңгейін арттыру үшін, сондай-ақ осы саладағы озық халықаралық тәжірибелерге сәйкестікті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Қызметкерлерді еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум, электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту Компанияда жыл сайын бөгде оқу ұйымдарында да, жұмыс орындарында да жүргізіледі. 2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ-да Компания қызметкерлері үшін еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тренингтер мен оқыту бағдарламалары өткізілді:

  • зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету;
  • шаршауды бақылау;
  • «Балаларға арналған қауіпсіздік» тақырыбында мастер-класс өткізу бағдарламасы. Пилоттық режимде 8-10 жас аралығындағы 100 қатысушы оқудан өтті;
  • injury prevention and response онлайн оқыту 1-деңгейі — жарақаттанудың алдын алу бойынша;
  • injury prevention and response онлайн оқыту 2-деңгейі — техникалық қызметкерлер үшін жарақаттанудың алдын алу бойынша;
  • injury prevention and response онлайн оқыту 3-деңгейі — жаттықтырушылар үшін жарақаттанудың алдын алу бойынша;
  • қауіпсіз жүргізу бойынша оқыту. Астана және Алматы қалаларында жүргізушілер қатысты;
  • «Еңбекті қорғау және денсаулық қауіпсіздігі саласындағы фасилитаторизм» оқыту.

2022 жылы еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт-техникалық минимум, қауіпсіздік техникасы бойынша сыртқы оқыту жүргізу, адам

GRI 403-5
12 қызметкерлер

топ-менеджерлерге арналған басшылықтың есептілігі

714 қызметкерлер

еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша

1 306 қызметкерлер

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша

288 қызметкерлер

Биіктікте және альпинизм жұмыстарында жұмыс істеу кезінде ҚӨО-дағы қауіпсіздік техникасы қағидалары

522 қызметкерлер

Электр қауіпсіздігі

480 қызметкерлер

Өрт қауіпсіздігі

9 қызметкерлер

NEBOSH IGC (Өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі халықаралық сертификат)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға инвестициялар

2022 жылы өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 970 млн теңгені құрады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға салынған инвестициялар көлемі, млн теңге

2020
96 149 463
2021
113 172 480
2022
74 206 690
Еңбек жағдайларын және өндіріс қауіпсіздігінің техникасын қамтамасыз ету Медициналық куәландыру Өндірістің ЕҚ және ЕҚ жағдайларын қамтамасыз ету

Кәсіптік аурулардың алдын алу және денсаулықты сақтау

GRI 403-3, 403-6

Адамдарға қамқорлық жасау Компанияның маңызды басымдығы болғандықтан, «Қазақтелеком» АҚ қызметінде қызметкерлердің денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Қызметкерлердің әлеуметтік пакеті толық медициналық сақтандыруды қамтиды, Ұжымдық келісімшарттың талаптарына сәйкес сауықтыру және санаторий-курорттық емдеу бағдарламалары қолданылады. Сонымен қатар, Компанияда алдын-ала, мерзімді және кезектен тыс медициналық тексерулер үнемі өткізіліп тұрады. Олардың нәтижелері бойынша, қажет болған жағдайда, қызметкерлер тереңдетілген профилактикалық тексеруге жіберіледі. Өндірістік қызметкерлер болып табылатын және міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын, бірақ медициналық қарап-тексеруден өтпеген жұмыскерлер жұмыс жүргізуге жіберілмейді. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес Компанияның мердігер ұйымдарының қауіптілігі жоғары жұмыстармен, машиналармен және механизмдермен айналысатын қызметкерлері де міндетті түрде ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексеруден өтеді.

Қауіптілігі жоғары жұмыстарды ұйымдастыру

Компания өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттану тәуекелдерін басқару саласындағы тәжірибелерді жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс істейді. Жұмыс кезінде қауіпті жою және жарақат алу қаупін азайту мақсатында есепті кезеңде бірқатар түзету шаралары жүргізілді:

  • Компания филиалдарының қызметкерлерімен жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын талдай отырып жоспардан тыс нұсқама беру;
  • зардап шеккендердің білімін электромонтер үшін және биіктікте жұмыс істеу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды білуге жоспардан тыс тексеру;
  • 1,8 метрден жоғары биіктікте жұмыс істегенде және биіктігі бойынша қоршалмаған құламалардан кемінде 2 метр қашықтық кезінде қорғаныс құралдары мен ЖҚҚ пайдаланылды;
  • қауіптілігі жоғары жұмыстарға рұқсат жұмыстардың жауапты өндірушісі жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге дайындығы туралы растауды (арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің, қорғаныш дулығаның, сақтандырғыш-ұстап тұратын байламның, сақтандыру арқанының, бекітудің және т. б. болуы) ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады;
  • ұжымдық және жеке қорғану құралдарын қолданбай жұмыс жүргізуге рұқсат беретін басшылар мен қызметкерлерге қатысты еңбек шарттарын бұзуға дейін тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау белгіленген.

Қызметкерлердің байқау шұңқырларына құлауын болдырмау мақсатында Сервистік фабрика:

  • байқау шұңқырларын жабуға арналған барлық жөндеу бокстарын қалыңдығы кемінде 4 см қорғаныш қалқандармен қамтамасыз ету;
  • байқау шұңқырында жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, содан кейін қызметкерлерді қол қою арқылы таныстыру;
  • жөндеу бокстарын кернеуі 12 вольтты тасымалды жарықтандырудың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етуге тиесілі.

2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы табысты жұмысы үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мердігерлік ұйымдарда өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды басқару

Компания объектілерінде жұмыс жүргізетін мердігер ұйымдар қоршаған ортаны қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы талаптарды, стандарттар мен нормаларды сақтауға міндетті.

«Қазақтелеком» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау аспектілерін басқару бөлігінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимылға жауапкершілікпен қарайды. Жеткізушілер мен мердігерлерге өндірістік қауіпсіздік саласындағы корпоративтік стандарттарға сәйкес талаптар қойылады. Бұл ретте мердігер ұйымдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды дербес жүзеге асырады.

Компанияда өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша мердігерлік ұйымдарды бағалау жүйесі енгізілді. Мердігер қызметкерлер үшін Компания ҚжЕҚ аспектілері бойынша оқытуды ұйымдастырады.

Төтенше жағдайларға ден қою

«Қазақтелеком» АҚ төтенше жағдайларға ден қою мәселелеріне жауапкершілікпен қарайды. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы саясатқа сәйкес компанияда «Қазақстан Республикасының заңнамасына және корпоративтік құжаттарға сәйкес барлық жазатайым оқиғаларды, апаттар мен оқиғаларды дереу хабардар ету, уақтылы және объективті тергеп-тексеру және есепке алу» қағидаты қолданылады. Компанияда Төтенше жағдайлар кезінде топтар құратын Азаматтық қорғаныс штабы (АҚ) жұмыс істейді. Штаб басқарма төрағасына тікелей есеп береді. «Қазақтелеком» АҚ-да оқу дабылдары мен апатқа қарсы жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады.

2023 жылға және орта мерзімді келешекке арналған жоспарлар

  1. H&S саласындағы жетістіктері үшін қызметкерлерді ынталандыру және көтермелеу рәсімдерін енгізу.
  2. H & S саласында мінез-құлықты бақылау бағдарламасын енгізу (ҚжЕҚ картасы).
  3. Барлық қызметкерлерді «Тоқтату құқығы» карточкаларымен қамтамасыз ету.
  4. Өндірістік қауіпсіздік бойынша аудитті ұйымдастыру.
  5. ЕҰ-дың қатысуымен «Қазақтелеком» АҚ-ның Health & Safety бойынша II жыл сайынғы форумын өткізу.
  6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі менеджмент жүйесін жаңарту.
  7. Жазатайым оқиғаларды тергеу жөніндегі стандартты әзірлеу және енгізу.
  8. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттемелері үшін Компания қызметкерлерін көтермелеу бағдарламасын жалғастыру (ынталандыру бағдарламасы).
  9. Ауыр және/немесе өліммен аяқталатын жарақат алу қаупі бар қауіпті жұмыс түрлерін қауіпсіз орындау дағдыларын пысықтау үшін VR-технологияларды пайдалану мүмкіндігін пысықтау.
  10. Қызметкерлердің максималды санын оқыту үшін маңдайлық соқтығысуды имитациялайтын тренажер сатып алыңыз.
  11. «Қазақтелеком» АҚ-ның деңгейінде ауыр және / немесе өліммен аяқталу ықтималдығы жоғары ТЖ, апаттар мен ЖО-ның туындау тәуекелдерінің тізілімін жасау.
  12. Қызметкерлердің денсаулығының нашарлау қаупін азайту мақсатында ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі медициналық тексерулер процесін барлық жерде автоматтандыру.
  13. Жедел медициналық көмек көрсету құралдарын, оның ішінде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу үшін дефибрилляторларды сатып алуды жүзеге асыру.
  14. Қызметкерлердің 100% медициналық көмек көрсету әдістеріне үйрету.
  15. Өндірістік қызметкерлердің 100%-ына «Қауіпсіз еңбек мәдениеті» курсы бойынша, оның ішінде ішкі жаттықтырушыларды тарта отырып оқыту.