Корпоративтік басқару туралы есеп
Компанияның корпоративтік басқаруының негізі акционерлік қоғам қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді көздейтін және оның табысты қызметіне, оның ішінде беделінің өсуіне, қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығын қолдауға ықпал ететін менеджменттің тиімді құрылымы болып табылады.
Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары тұрақты даму, акционерлердің құқықтары және оларға әділ көзқарас, Директорлар кеңесінің тиімділігі, ашықтық болып табылады. Корпоративтік басқару кодексінің осы қағидаттары мен ережелерінің сақталуы жыл сайын Корпоративтік хатшы дайындайтын Директорлар кеңесі үшін есепте жарияланады.
«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару жүйесі акционерлік қоғамның қызметін басқару мен бақылауды, сондай-ақ атқарушы орган, Директорлар кеңесі, акционерлер мен мүдделі тараптар арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесін қамтамасыз ететін процестердің жиынтығын білдіреді. Органдардың құзыреттері мен шешімдер қабылдау тәртібі «Қазақтелеком» АҚ-ның Жарғысында айқындалған және бекітілген.
2022 жылдың қорытындысы бойынша талдау «Қазақтелеком» АҚ-ның қызметі мен оның корпоративтік тәжірибесі Корпоративтік басқару кодексінің қағидаттары мен ережелеріне сәйкестікті қамтамасыз ететіндігін көрсетті.
Басқару органдары:
- жоғары орган — Акционерлердің жалпы жиналысы;
- басқару органы — Директорлар кеңесі;
- атқарушы орган — Басқарма.
Басқарма Директорлар кеңесіне бағынады және есеп береді, ол өз кезегінде Акционерлердің жалпы жиналысы алдында жауап береді. Компанияның әрбір органының нақты рөлі мен функциялары «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда, Жарғыда және Компанияның басқа да ішкі құжаттарында жазылған.
Ішкі аудит қызметі Компанияның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару саласындағы құжаттардың орындалуын бағалауды, сондай-ақ акционерлік қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында консультация беруді жүзеге асыратын орган болып табылады.
«Қазақтелеком» АҚ-ның Корпоративтік басқару құрылымы