Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі Компанияның қызметінің стратегиялық бағыттарын айқындайтын, даму стратегиясын, бюджетті бекітетін, атқарушы органды сайлайтын және өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыратын басқару органы болып табылады.
Директорлар кеңесінің қызметі Жарғымен, Корпоративтік басқару кодексімен, Директорлар кеңесі туралы ережемен және Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған басқа да құжаттармен реттеледі.
Директорлар кеңесі мүшелерінің рөлдері
Төраға Директорлар кеңесіне басшылық жасайды, Директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және тиімді қызметін
қамтамасыз етеді, оның отырыстарын жүргізеді, сондай-ақ Жарғыда және Директорлар кеңесі туралы ережеде көзделген
өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Директорлар кеңесінің мүшелері — акционерлердің өкілдері Директорлар кеңесі өз қызметін жүзеге асырған кезде ірі
акционерлердің мүдделерін білдіреді.
Компанияда Директорлар кеңесі мен топ-менеджмент мүшелерінің акционерлермен (оның ішінде миноритарлық) өзара
іс-қимылы үшін тұрақты тақырыптық іс-шаралар өткізіледі. 2022 жылы осындай іс-шаралар арасында 2021 жылдың
қорытындысы бойынша KASE-де Эмитент күні, 2022 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша KASE-де Эмитент күні,
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінде тыңдауды атап өтуге болады.
Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорлары барлық комитеттердің құрамына кіреді, барлық мәселелерді қарайды және Директорлар кеңесі үшін ұсыныстар қабылдайды. Аудит және тұрақты даму комитетінің құрамына тек тәуелсіз директорлар кіреді. Тәуелсіз директорлар қаржылық есептілік, ішкі және сыртқы аудит, тәуекелдер және басқа да маңызды қызмет салалары бойынша шешімдерді қарайды және қабылдайды. Сонымен қатар, тәуелсіз директорларға олардың тәуелсіздігіне байланысты жасауға мүдделі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау жүктелген.
Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау
Директорлар кеңесінің мүшелері Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында сайланады және Қазақстан Республикасының
заңнамасында, «Қазақтелеком» АҚ Жарғысында және «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленген
тәртіппен «Қазақтелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесінің бұрын сайланған мүшелерінің өкілеттіктері мерзімінен бұрын
тоқтатылған жағдайда кезектен тыс жалпы жиналыста қайта сайланады.
Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлауды Директорлар кеңесінде бір орынға бір кандидат сайланатын жағдайларды
қоспағанда, акционерлер дауыс беруге арналған бюллетеньдерді пайдалана отырып, кумулятивтік дауыс беру арқылы жүзеге
асырады.
Директорлар кеңесінің мүшесі лауазымына сайлау үшін кандидатуралар мыналар қатарынан ұсынылуы мүмкін:
- Акционерлер — жеке тұлғалар;
- Директорлар кеңесіне акционерлердің өкілдері ретінде сайлауға ұсынылған тұлғалар;
- Компанияның акционері болып табылмайтын және Директорлар кеңесіне акционердің өкілі ретінде сайлауға ұсынылмаған жеке тұлғалар.
Директорлар кеңесінің кандидаттары мен мүшелерінің өз міндеттерін орындау және акционерлер мүддесі үшін бүкіл Директорлар кеңесінің және Компанияның тиімді жұмысын ұйымдастыруға қажетті іскерлік және/немесе салалық ортада тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, оң жетістіктері және мінсіз беделі болуы тиіс.
Директорлар кеңесінің құрамы
Директорлар кеңесі 7 адамнан тұрады, оның 3-еуі тәуелсіз (жалпы санының 43%-ы).
Директорлар кеңесі мүшелерінің негізгі құзыреттері:
- Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы— Директорлар кеңесін басқару, телекоммуникация, стратегия,
ірі акционердің шешімдерін іске асыру;
- Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы — телекоммуникация, стратегия, бизнесті жоспарлау;
- Ауғанов Ғибрат Қайратұлы — стратегия, кадрлық мәселелер, ірі акционердің шешімдерін іске
асыру;
- Казутин Николай Юрьевич — аудит, қаржы, маркетинг, ірі акционердің шешімдерін іске
асыру;
- Тәуелсіз директорлар: Буянов Алексей Николаевич, Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы пен Заика
Дмитрий Александрович аудит, қаржы, маркетинг, телекоммуникация, стратегиялық менеджмент, кадр және басқа
салалардың мамандары болып табылады. Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің қызметі шеңберінде олар
өкілеттіктердің кең ауқымын орындайды.
ESG саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың басталуына байланысты Компания осы бағдарламаның белсенді
қатысушысы болды және өз қызметінде стандарттарды біртіндеп енгізу жолына түсті. Тұрақты даму саласында жеткілікті
тәжірибесі бар Директорлар кеңесінің мүшелері бұл процесте маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ағымдағы Директорлар
кеңесінің барлық құрамы әлеуметтік салаға, корпоративтік басқару, экология мәселелеріне тұрақты түрде кірісті.
Әлеуметтік тарап қазіргі уақытта тұрақсыз экономикалық жағдайларда ерекше өзекті болып отыр. Директорлар кеңесінің
мүшелері ESG стандарттарымен қамтылған салаларды Директорлар кеңесі деңгейінде де, тиісті комитеттер деңгейінде де
қарастырады. Компания ESG стандарттарын енгізу кезінде басқару органының одан әрі сапалы өсуі мақсатында оқыту
іс-шараларын, оның ішінде Директорлар кеңесінің мүшелері үшін өткізеді.
2022 жылы Директорлар Кеңесі құрамындағы негізгі өзгерістер:
- 2022 жылғы 13 сәуірде Найзабеков Тимур Құрманғазыұлы Директорлар кеңесінің мүшесінің өкілеттігін өз бастамасымен тоқтатты.
- 2022 жылғы 30 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен Саудабаев Серік Болатұлының өкілеттігі тоқтатылды, ДК құрамына Ауғанов Ғибрат Қайратұлы — «Қазақтелеком» АҚ — «Самұрық-Қазына» АҚ ірі акционерінің мүдделерінің өкілі ретінде сайланды.
- 2022 жылғы 4 шілдеде Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша Компанияның Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды: Құсайынов Ерұлан Айташұлының, Әлімов Абай Сәбитұлының, Александр фон Гляйхтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі өкілеттігінің қалған мерзіміне Казутин Николай Юрьевич «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі ретінде және Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы тәуелсіз директор ретінде сайланды.
Директорлар кеңесінің құрамы:
- Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы;
- Ауғанов Ғибрат Қайратұлы;
- Казутин Николай Юрьевич;
- Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы;
- Буянов Алексей Николаевич;
- Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы;
- Заика Дмитрий Александрович.
Директорлар кеңесі мүшелерінің өмірбаяны
Байдәулетов Нұржан Тәліпұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы — «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (5 570 668 қарапайым (дауыс беретін) акция)
Туған күні: 1 қыркүйек 1960 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 8 мамыр 2012 жыл
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2021 жыл
Компанияның акцияларына, жеткізушілердің және компанияның бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ
- 2017–2019 – Ұлыбритания Директорлар институтының IOD директорларын сертификаттаудың халықаралық бағдарламасы;
- 09.1977 — 06.1986 — Мәскеу теміржол көлігі институты. Мамандығы: теміржол көлігімен тасымалдау процестерін басқару.
- 17.04.2016 — қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ — «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан Темір жолы «ҰК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінде «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі;
- 02.06.2014 — 17.04.2016 – «Самұрық-Қазына» АҚ, Активтерді басқару жөніндегі Бас директор;
- 27.11.2008 — 01.06.2014 — «Самұрық-Қазына» АҚ, Басқарушы директор.
Ауғанов Ғибрат Қайратұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі — «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (5 570 668 қарапайым (дауыс беретін) акция)
Туған күні: 6 маусым 1988 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні»: 30 мамыр 2022 жыл
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 мамыр 2022 жыл
Компанияның акцияларына, жеткізушілердің және компанияның бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ
- 2014-2015 — Гуманитарлық-техникалық академиясы. Мамандығы: «Экономика және бизнес магистрі»;
- 2010-2012 — М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Мұнай-газ ісі»;
- 2006-2009 — Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, «Қаржы және есеп» факультеті. Мамандығы: «Қаржы»;
- 2003–2006 — «АРНА» Көкшетау экономикалық колледжі, Қаржы-кредит факультеті мамандығы: «Қаржы» (салалар бойынша).
- 21.02.2021 — қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына» АҚ, Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры;
- 01.10.2021 — 18.01.2022 — «Самұрық-Қазына» АҚ, АРБД-ның директоры;
- 15.06.2020 — 01.10.2021 — «Қаражанбасмұнай» АҚ, Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаментінің директоры;
- 04.09.2017 — 12.06.2020 — «Эмбамұнайгаз» АҚ, Қызметкерлерді басқару және еңбекақы төлеу департаменті директорының орынбасары.
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ-ның Басқарма төрағасы
Туған күні: 10 маусым 1975 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні»: 16 желтоқсан 2006 жыл
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2021 жыл
- 2015–2017 — Hult Business School, London, GB. Мамандығы: «Қаржы». Деңгейі: Executive MBA;
- 2001–2002 — Қазақ мемлекеттік басқару академиясы.Мамандығы: «Менеджмент»;
- 1991–1995 — Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Қолданбалы математика». Математика ғылымдарының кандидаты.
- 23.02.2007 — 15.03.2010 — Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Төраға;
- 15.03.2010 — қазіргі уақытта –«Қазақтелеком» АҚ-ның Басқарма Төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы, «QazCloud» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі, «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы.
Казутин Николай Юрьевич
Директорлар кеңесінің мүшесі — «Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі (5 570 668 қарапайым (дауыс беретін) акция)
Туған күні: 28 қараша 1982 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні»: 4 шілде 2022 жыл
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 4 шілде 2022 жыл
- 2003 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы
- Ақпан 2022 — қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ, Құқықтық сүйемелдеу, қамтамасыз ету және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директоры;
- 2020 жылғы қаңтар — 2022 жылғы ақпан — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары;
- 2018 жылғы қаңтар — 2019 жылғы қараша — «Шығыс Қазақстан өңірлік энергетикалық компаниясы» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы, Өскемен қ.;
- Тамыз 2016 — қаңтар 2018 — «Көкшетау минералды сулары» АҚ кеңесшісі, Көкшетау қ.;
- Наурыз 2006 — маусым 2016 — «ПрайсуотерхаусКуперс Такс Энд Эдвайзори» ЖШС департаментінің аға менеджері, Алматы қ.
Буянов Алексей Николаевич
Тәуелсіз директор
Туған күні: 15 тамыз 1969 жыл
Азаматтығы: Люксембург резидентi, Азаматтығы Ресей Федерациясы
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні»: 30 маусым 2015 жыл
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2021 жыл
Тәуелсіздік критерийлері: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді
- 1986—1992 жж. Мәскеу физика-техникалық институты (МФТИ).
- 2016 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — Bengala Investments SA инвестициялық компаниясы, Директор; «Кселл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (25.01.2019 бастап);
- 2014–2016 — Redline Capital Management басқарушы директоры, «Мәскеу биржасы» ААҚ Биржалық кеңесінің мүшесі.
Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы
Тәуелсіз директор
Туған күні: 28 қаңтар 1977 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні»: 04 шілде 2022 жыл
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 04 шілде 2022 жыл
Тәуелсіздік критерийлері: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді
- 2012 — CFA курсы, CFA институты;
- 2005–2007 — МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі, Калифорния университеті Беркли, АҚШ;
- 2002–2003 жж. — Ғылым магистрі, Оксфорд университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті;
- 1997–1999 жж. — Бакалавр, Дюкейн университеті, Питтсбург, АҚШ, қаржы факультеті.
- Маусым 2020 ж. — қазіргі уақытқа дейін — «StrategyLab» ЖШС консультациялық компаниясының негізін қалаушы;
- 2013 жылғы қаңтар — 2020 жылғы мамыр — PwC (Қазақстан) компаниясы, Аға менеджер, Консультациялық қызметтер департаментінің директоры;
- Сәуір 2012 — қаңтар 2013 — КПМГ компаниясы (Қазақстан), аға менеджер.
Заика Дмитрий Александрович
Тәуелсіз директор
Туған күні: 27 сәуір 1975 жыл
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні»: 30 маусым 2015 жыл
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 30 сәуір 2021 жыл
Тәуелсіздік критерийлері: «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келеді
- 2003 — 2005 жж. — Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, «Қаржы менеджменті» мамандандығы, біліктілігі: экономист (үздік диплом);
- 1992 — 1998 жж. — Алматы энергетика және байланыс институты. Мамандандығы: радиотехника, біліктілігі: радиоинженер.
- 29.08.2011 — қазіргі уақытта — «Химфарм» АҚ — тәуелсіз директор;
- 20.04.2012–15.08.2016 «АЛТЕЛ» АҚ — Тәуелсіз директор.
Директорлар тәуелсіздігі
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның талаптарына сәйкес Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің саны кемінде 30%
болуы тиіс. Компаниядағы бұл пропорция 43%-ды құрайды.
Тәуелсіз директор — Директорлар кеңесінің мүшесі:
- осы акционерлік қоғамның және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде (осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болған жағдайды қоспағанда) үлестес тұлғасы болып табылмайды;
- осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайды;
- осы акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларымен немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларымен бағыныстылықпен байланысты емес және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде осы тұлғалармен бағыныстылықпен байланысты емес;
- мемлекеттік қызметші болып табылмайды;
- осы акционерлік қоғам органдарының отырыстарында және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде акционердің өкілі болып табылмайды;
- аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы акционерлік қоғамның аудитіне қатыспайды және Директорлар кеңесіне сайланғанға дейінгі үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған.
Компанияның тәуелсіз директорлары 2022 жылы тәуелсіздік критерийлеріне толық сәйкес келді.
Мүдделер қайшылығын басқару
«Қазақтелеком» АҚ-да мүдделер қайшылығын реттеу саясаты бар. Саясат мүдделер қайшылығының алдын алу, анықтау және
реттеу тәртібін, мүдделер қайшылығы туындаған немесе туындау ықтималдығы жағдайында компания органдарының
және/немесе тұлғаларының өзара іс-қимылы мен үйлестіру рәсімдерін айқындайды.
Мүдделер қайшылығын реттеу жөніндегі саясатқа сәйкес Директорлар кеңесі директорлар кеңесі мүшелері мен
акционерлердің ықтимал мүдделер қайшылықтарын, оның ішінде Компанияның меншігін заңсыз пайдалануды және мүдделілігі
бар мәмілелерді жасау кезінде теріс пайдалануды қадағалайды және мүмкіндігінше жояды.
Директорлар кеңесінің мүшелерінің атқарушы органның мүшелерімен және олар қабылдайтын шешімдердің сапасына әсер етуі
мүмкін Компанияның басқа да жауапты қызметкерлерімен туыстық және өзге де байланыстары болмайды.
2022 жылы Директорлар кеңесінің жұмысында мүдделер қайшылығы тіркелген жоқ.
Директорлар кеңесінің қызметін бағалау
Компанияда Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің және Корпоративтік хатшының
қызметін бағалау ережелері қолданылады. Осы құжатқа сәйкес Директорлар кеңесін бағалау жылына бір рет Директорлар
Кеңесінің өз күшімен және кемінде үш жылда бір рет тәуелсіз консультанттарды тарта отырып жүргізіледі.
Директорлар кеңесінің 2022 жылғы қызметін бағалауды Директорлар Кеңесінің өз күштерімен жүргізді. Бағалау
критерийлерінің тізбесіне стратегиялық ойлау деңгейін бағалау, саланы білу, кәсіби тәжірибе, командалық жұмысқа
бейілділік, тұрақты даму қағидаттарын ұстану және т. б. мәселелер енгізілді. Жалпы алғанда, барлық директорлар
жоғары баға алды, Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі ақылға қонымды, білікті, тиімді әрекет етті, бұл Компанияның
жоғары қаржылық және өндірістік нәтижелерінде де көрініс тапты. Жүргізілген бағалау туралы есеп Директорлар
кеңесінің қарауына және танысуына шығарылды, Директорлар кеңесінің мүшелері бағалау нәтижелері мен қызметті одан әрі
жетілдіру жөніндегі шараларды талқылады.
Директорлар кеңесінің қызметіне соңғы сыртқы бағалау 2021 жылы жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша
PricewaterhouseCoopers консультанттары «Қазақтелеком» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мықты құрамын атап өтті. Бұдан
басқа, осы бағалау қорытындысы бойынша Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспарға Директорлар Кеңесінің
қызметіне байланысты іс-шаралар енгізілді.
Директорлар кеңесі мүшелерінің кәсіби құзыретін арттыру
Компанияда Директорлар кеңесінің мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту саясаты бар. Бұл
саясат Директорлар кеңесі қарайтын мәселелер сыртқы кәсіби және тәуелсіз сараптаманы талап ететін болса, Директорлар
кеңесі мүшелерінің дағдыларын дамыту және біліктілігін арттыру жүйесін енгізу және олардың сыртқы сарапшыларды тарту
құқығын іске асыру жолымен Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында корпоративтік басқарудың
үздік практикасын ескере отырып әзірленді.
2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің, Басқармасының мүшелері мен еншілес ұйымдардың топ-менеджмент
өкілдерінің қатысуымен тұрақты даму, ESG және климаттың өзгеруі саласында оқыту бағдарламасы өткізілді.
Директорлар кеңесінің қызметі
2022 жылы Директорлар Кеңесінің отырыстары бейнеконференциялар өткізудің қолданыстағы платформаларын пайдалана
отырып, онлайн-форматта өткізілді.
Жыл ішінде Директорлар кеңесінің 14 отырысы өткізіліп, онда 117 мәселе қаралды.
2022 жылғы негізгі шешімдер «Қазақтелеком» АҚ-ның 2023-2032 жылдарға арналған Даму стратегиясын, 2023-2027 жылдарға
арналған бизнес-жоспарды, Топтың 2023 жылға арналған инвестициялық қызметінің параметрлерін бекіту, еншілес
компаниялардың қызмет ету мәселелерін шешу болды. Даму жоспарын орындау, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды
қамтамасыз ету, Стратегиялық жобаларды іске асыру, тәуекелдер, стратегияны орындау, мобильді операторлардың қызметі
мәселелері бойынша Басқарманы тұрақты түрде тыңдау жүзеге асырылды.
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі ірі мәмілелер мен жасауға мүдделі мәмілелерді қарау жөніндегі мәселелерге
ерекше назар аударады.
«Қазақтелеком» АҚ ірі мәмілелер, сондай-ақ жасауға мүдделі келісімдер жасасу жөнінде шешімдер қабылдау кезінде
заңнама талаптарын қатаң сақтайды. Директорлар кеңесінің материалдарын дайындау кезінде болжамды мәмілелер, олардың
сипаты, қаржылық және өзге де шарттар туралы ақпарат жан-жақты ашылады. Мәмілелер бойынша мәселелерді объективті
және толық қарауды қамтамасыз ету мақсатында Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің, Басқарманың және басқа да
қатысушылардың барлық құрамының қатысуымен олар бойынша шешімдерді тек бетпе-бет отырып қабылдайды. Мүдделі
мәмілелер бойынша шешімдерді тек тәуелсіз директорлар қабылдайды және Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар
кеңесінің мәмілелерді қарауы кезінде осыған үнемі назар аударады. Мұндай мәмілелер туралы шешім қабылданғаннан кейін
бұл туралы ақпарат мүдделі тұлғаларды хабардар ету үшін тиісті БАҚ-да жарияланады.
Директорлар кеңесінің 2022 жылғы қызметін қорытындылай келе, Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелерімен
корпоративтік дауласу жағдайлары, сондай-ақ олардың заңсыз мінез-құлық фактілері анықталған жоқ.
Директорлар кеңесінің комитеттері
Директорлар кеңесі жанынан 2022 жылы үш комитет жұмыс істеді: аудит және тұрақты даму комитеті, кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер комитеті, Стратегиялық жоспарлау комитеті.
Аудит және тұрақты даму комитеті
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің шешімімен 2006 жылы құрылды.
2022 жылғы шілдеде Директорлар кеңесінің шешімімен Аудит жөніндегі комитет Аудит және тұрақты даму жөніндегі комитет
болып қайта аталды және өз қызметін Директорлар кеңесінің 19.07.2022 ж. шешімімен бекітілген Комитет туралы крежеге
сәйкес жүзеге асырады.
2022 жылы Комитет құрамы25:
- 2022 жылғы 01 қаңтардан 13 сәуірге дейін: Найзабеков Тимур Құрманғазыұлы (Комитет төрағасы), Буянов Алексей Николаевич, Александр фон Гляйх, Заика Дмитрий Александрович.
- 2022 жылғы 18 сәуірден 04 шілдеге дейін: Александр фон Гляйх (Комитет төрағасының м.а.), Буянов Алексей Николаевич, Заика Дмитрий Александрович.
- 2022 жылғы 08 шілдеден бастап — Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы (Комитет төрағасы), Буянов Алексей Николаевич, Заика Дмитрий Александрович.
- 2022 жылғы 4 шілдеде Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша Қоғамның Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, ал 2022 жылғы 8 шілдеде Директорлар кеңесінің шешімімен комитет құрамы жаңартылды.
«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Аудит және тұрақты даму комитеті толығымен «Акционерлік
қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында көзделген директорлардың тәуелсіздігін
тану өлшемшарттарына сәйкес келетін тәуелсіз директорлардан тұрады.
Комитет туралы ережеге сәйкес Комитет төрағасы отырыстарға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат ұсынуға:
- Директорлар кеңесінің мүшелері;
- Ішкі аудит және Комплаенс қызметінің басшысы;
- «Эрнст энд Янг» ЖШС сыртқы аудиторының өкілдері;
- Компания қызметкерлері (топ-менеджмент, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандар) және еншілес ұйымдардың қызметкерлері шақырылды.
Аудит және тұрақты даму комитеті тоқсанына кемінде бір рет тұрақты бетпе-бет отырыстар және қажетіне қарай кезектен
тыс отырыстар өткізеді.
2022 жылы 9 отырыс өткізіліп, онда 31 мәселе қаралып, Компанияның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді,
оның ішінде Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, ішкі бақылау және тәуекелдер, қаржылық есептілік, сыртқы аудит
және басқа да маңызды мәселелер қаралды. Комитет 2022 жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс істеді.
2022 жылы Аудит және тұрақты даму комитетінің отырыстарына қатысу
Комитет мүшелері | №1 04.02 | №2 10.03 | №3 30.03 | №4 18.04 | №5 27.05 | №6 15.07 | №7 16.09 | №8 01.11 | №9 02.12 | Қатысу пайызы26 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Найзабеков Т.Қ. | + | + | + | 100% | ||||||
Александр фон Гляйх | + | + | + | + | + | 100% | ||||
Буянов А.Н. | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100% |
Заика Д.А. | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100% |
Жұбаев А.С. | + | + | + | + | 100% |
25 2022 жылғы 13 сәуірде Т.Қ. Найзабеков Директорлар кеңесінің мүшесінің өкілеттігін өз
бастамасымен тоқтатты.
26 Комитет мүшесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде қатысу %-ы.
Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет
Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті «Қазақтелеком» АҚ Директорлар
кеңесінің шешімімен 2015 жылы құрылды.
Комитет өз қызметінде Директорлар кеңесіне толық есеп береді және өз қызметін Директорлар кеңесінің шешімімен
бекітілген «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті
туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитетінің
құрамы27:
- 1 қаңтардан 13 сәуірге дейін: Буянов Алексей Николаевич (Комитет төрағасы), Құсайынов Ерұлан Айташұлы, Саудабаев Серік Болатұлы, Заика Дмитрий Александрович, Александр фон Гляйх, Найзабеков Тимур Құрманғазыұлы.
- 31 мамырдан 04 шілдеге дейін: Буянов Алексей Николаевич (Комитет төрағасы), Құсайынов Ерұлан Айташұлы, Ауғанов Ғибрат Қайратұлы, Заика Дмитрий Александрович, Александр фон Гляйх.
- 08 шілдесінен бастап: Буянов Алексей Николаевич (Комитет төрағасы), Ауғанов Ғибрат Қайратұлы, Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, Заика Дмитрий Александрович.
27 2022 жылғы 13 сәуірде Найзабеков Тимур Құрманғазыұлы Директорлар кеңесінің мүшесінің өкілеттігін өз бастамасымен тоқтатты. 30 мамырда Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімімен Саудабаев Серік Болатұлының өкілеттігі тоқтатылды. Құрамына Директорлар кеңесінің шешімі бойынша 2022 жылғы 31 Мамырда Комитет құрамына кірген Ғ.Қ. Ауғанов сайланды. 2022 жылғы 04 шілдеде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, ал 2022 жылғы 08 шілдеде Директорлар кеңесінің шешімімен комитет құрамы жаңартылды.
Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет туралы ережеге сәйкес Комитет төрағасы отырыстарға баяндамашылар, бақылаушылар ретінде, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат ұсыну үшін шақырылды:
- Директорлар кеңесінің мүшелері;
- Компания қызметкерлері (топ-менеджмент, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мамандар);
- Басшы қызметкерлер лауазымдарының тізбесіне сәйкес басшы лауазымдарға кандидаттар.
Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет 2022 жылы 9 бетпе-бет отырыс өткізді, онда 32 мәселе қаралды, олар бойынша Компанияның Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Атап айтқанда, бұл әлеуметтік сипаттағы мәселелер (индекстеу, филиал қызметкерлерінің жалақысын арттыру), Орталық аппарат құрылымын өзгерту, «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының құрамына қызметкерлерді сайлау, еншілес ұйымдардың бірінші басшыларын лауазымдарға тағайындау, басшы қызметкерлердің ПӘК-ті бекіту, еңбекақы төлеу, қызметкерлерді басқару және басқа да мәселелер.
Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеттің 2022 жылы отырыстарына қатысу
Директорлар кеңесінің мүшелері | №1 10.02 | №2 11.03 | №3 14.04 | №4 21.04 | №5 27.05 | №6 18.07 | №7 19.09 | №8 13.10 | №9 05.12 | Қатыспау себебі | Қатысу пайызы28 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Буянов А.Н. | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100% | |
Заика Д.А. | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100% | |
Саудабаев С.Б. | + | + | + | + | + | 100% | |||||
Александр фон Гляйх | – | + | + | + | + | 80% | |||||
Құсайынов Е.А. | + | + | + | + | – | іссапар | 80% | ||||
Найзабеков Т.К. | + | + | 100% | ||||||||
Ауғанов Ғ.Қ. | + | – | + | + | іссапар | 75% | |||||
Жұбаев А.С. | + | + | + | + | 100% |
28 Комитет мүшесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде қатысу %-ы.
Стратегиялық жоспарлау комитеті
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитеті 2010 жылы Директорлар кеңесінің шешімімен
құрылды. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Комитет Директорлар кеңесінің консультациялық-кеңесші органы болып
табылады және өз қызметін Директорлар кеңесінің 19.11.2010 шешімімен бекітілген Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
комитет туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің құрамы29:
- Заика Дмитрий Александрович (Комитет төрағасы), Александр фон Гляйх — тәуелсіз директор, Буянов Алексей Николаевич, Найзабеков Тимур Құрманғазыұлы, Құсайынов Ерұлан Айташұлы, Саудабаев Серік Болатұлы, Әлімов Абай Сәбитұлы.
- 08 шілдеден бастап Заика Дмитрий Александрович (Комитет төрағасы), Буянов Алексей Николаевич, Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, сондай ақ дауыс беру құқығы жоқ сарапшылар Тимур Сабржанұлы Шәріпов және Мұқанова Алмагүл Өмірзаққызы.
Комитет төрағасы отырыстарға бақылаушылар, баяндамашылар ретінде, сондай-ақ күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ақпарат ұсыну үшін шақырылды:
- Басқарма мүшелері;
- Компанияның, сондай-ақ еншілес ұйымдардың басшы және өзге де қызметкерлері;
- «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері.
Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет Комитеттің шешімімен бекітілген жыл сайынғы жоспар бойынша, бірақ тоқсанына
кемінде бір рет отырыс, қажетіне қарай кезектен тыс отырыстар өткізеді.
Стратегиялық жоспарлау комитеті 2022 жылы 11 бетпе-бет отырыс өткізді, онда 18 мәселе қаралды және олар бойынша
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесіне тиісті ұсынымдар берілді. Бұл мәселелер: стратегия, бизнес-жоспарлау,
стратегиялық жобалар, консультациялық қызметтерді тарту, «Қазақтелеком» АҚ-ның Даму жоспары және Компания қызметінің
басқа да маңызды мәселелері.
Стратегиялық жоспарлау комитетінің 2022 жылы отырыстарына қатысу
Комитет мүшелері | №1 10.02 | №2 11.03 | №3 21.04 | №4 27.05 | №5 18.07 | №6 16.09 | №7 19.09 | №8 04.11 | №9 02.12 | №10 14.12 | №11 19.12 | Қатыспау себебі | Қатысу пайызы30 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Заика Д.А. | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100% | |
Буянов А.Н. | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | + | 100% | |
А.Гляйх | + | + | + | + | 100% | ||||||||
Найзабеков Т.Қ. | + | + | 100% | ||||||||||
Әлімов А.С. | + | + | + | + | 100% | ||||||||
Құсайынов Е.А. | + | + | + | – | іссапар | 100% | |||||||
Саудабаев С.Б. | + | + | + | + | 100% | ||||||||
Жұбаев А.С. | + | + | + | + | + | + | + | 100% |
30 Комитет мүшесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде қатысу %-ы.
Директорлар кеңесінің сыйақысы
«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 46 шешімімен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы беру саясатына сәйкес (09.07.2012 жылғы, 12.08.2021 жылғы өзгерістермен) «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 12.08.2021 жылғы шешімімен тәуелсіз директорға тұрақты жылдық сыйақы және Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелік/төрағалық еткені үшін қосымша сыйақы төленеді:
- Қазақстан Республикасының бейрезиденттері үшін 45 000 (қырық бес мың) АҚШ доллары мөлшерінде тіркелген жылдық сыйақы және «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелік/төрағалық еткені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті аударымдар ұсталғаннан кейін 11 000 (он бір мың) АҚШ доллары мөлшерінде қосымша сыйақы;
- Қазақстан Республикасының резиденттері үшін 16 650 000 (он алты миллион алты жүз елу мың) теңге мөлшерінде тіркелген жылдық сыйақы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа да міндетті аударымдар ұсталғаннан кейін «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің комитеттеріне мүшелік/төрағалық еткені үшін 4 000 000 (төрт миллион) теңге мөлшерінде қосымша сыйақы төленеді.
«Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының 2021.08.12 шешіміне сәйкес «Қазақтелеком» АҚ Директорлар
Кеңесінің төрағасына тіркелген жылдық сыйақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар мен басқа
да міндетті аударымдар ұсталғаннан кейін 16 000 000 (он алты миллион) теңгені құрайды.
Директорлар кеңесінің мүшелеріне-резиденттерге төленген жиынтық сыйақы 2022 жылы 52 577 341 теңгені құрады.
Бейрезидент Директорлар кеңесінің мүшелеріне төленген жиынтық сыйақы 2022 жылы 56 608 АҚШ долларын құрады.
Директорлар кеңесі туралы ережеге сәйкес тәуелсіз директордың өкілеттігі жартыжылдық аяқталғанға дейін тоқтатылған
(оның ішінде мерзімінен бұрын) жағдайда тәуелсіз директорға Директорлар кеңесінің құрамында нақты болған кезең үшін
сыйақы және өтемақы төленеді.
«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережеге және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы төлеу
саясатына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен тәуелсіз директорға жылдық жұмыс
қорытындылары бойынша қосымша сыйақы төленуі мүмкін.
Корпоративтік хатшы
Корпоративтік хатшы өз қызметінде Директорлар кеңесіне есеп береді, өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының,
Жарғының, Корпоративтік басқару кодексінің, өзге де ішкі құжаттардың нормаларына, сондай-ақ Акционерлердің жалпы
жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Корпоративтік хатшы өз қызметі шеңберінде Акционерлердің жалпы жиналыстары мен Директорлар кеңесінің отырыстарын
дайындау мен өткізуді бақылайды, Директорлар кеңесінің іс қағаздарын ұйымдастырады және құжат айналымын қамтамасыз
етеді, Директорлар кеңесінің отырыстарын шақыруды қамтамасыз етеді және осы отырыстардың хаттамаларын жүргізеді,
Директорлар Кеңесінің мүшелеріне қажетті ақпарат береді.
«Қазақтелеком» АҚ Корпоративтік хатшысы Б.Қ. Әбдіқалықовтың мемлекеттік наградалары, «Үздік байланысшы» салалық
атағы бар. «Самұрық-Қазына» қоры Компаниялар тобының үздік корпоративтік хатшыларының бірі, корпоративтік басқаруды
және корпоративтік хатшылар институтын одан әрі жетілдіру жөніндегі түрлі іс-шаралардың тұрақты қатысушысы болып
танылды.
Корпоративтік хатшы туралы ережемен Компанияның корпоративтік интернет-ресурсында «Корпоративтік басқару» бөлімінде
танысуға болады.