Желі мен инфрақұры­лымды дамыту

2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ-ның телекоммуникация желілерін техникалық дамыту мен қолдаудың инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде желілерді дамытудың мынадай негізгі бағыттары бойынша жұмыстар жалғастырылды:

  • магистральдық және аймақтық тасымалдау желісі;
  • магистральдық деректерді беру желісі;
  • кең жолақты қолжетімділік желілері;
  • коммутациялық желілер.

Нәтижесінде келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Деректерді беру желісі:

288 порт 100G

МДБЖ желісі

136 порт 40G

МДБЖ желісі

48 порт 10G

МДБЖ желісі

60 порт 1G

МДБЖ желісі

3 734 Гбит/с

дейін 2 854 Гбит/с-тан Google, Meta, Akamai, Netflix, Cloudflare үшін Cache-серверлерді қосудың порттық өткізу қабілеті ұлғайтылды

880 Гбит/с

Алматы қаласында МДӨО кэш-серверлері үшін инфрақұрылым салынды

100GB/c арналарына көшу арқылы Көкшетау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе қалаларында BNGMX (2-кезең) магистральдық деректерді беру желісі кеңейтілді

ұялы операторлардың БС қосу үшін MBH желісін жаңғырту (1-кезең), Алматы, Астана қалаларында 8 CSG және 2 AGG орнатылды

Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларында PTX10008 құрылғыларының базасында құрылған IP/MPLS ядросының бірінші жазықтығына желінің жұмысын ағымдағы деңгейде одан әрі қамтамасыз ету үшін көшу (сыни іркілістерсіз және тұрақты штаттық режимде)

сервистік шекаралық жабдықты және агрегаттық жабдықты орната отырып, облыс орталықтары деңгейінде желіні ұйымдастыра отырып, ескірген жабдықты кешенді жаңартуды көздейтін Түркістан қаласының желісін жаңғырту

Алматы және Астана қалаларында сервистердің жаңа SDN желісіне көшуі жүргізілді

Алматы қаласында ASBR жабдықтары жаңғыртылды

Франкфурт қаласында сыйымдылығы 300G жаңа PoP-торап ұйымдастырылды

Тасымалдау желісі:

3х100 Гбит/с

Франкфурттегі жаңа POP-торапқа дейін арна ұйымдастырылды

800 Гбит/с

«Ростелеком» КАҚ-мен DWDM Орал-Озинкидің жаңа шекаралық торабы ұйымдастырылды

48*100 Гбит/с

DWDM магистральдық желісі Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Өскемен қалаларында ДӨО дейін КЖҚ қызметтерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жиынтық арнаға кеңейтілді

DWDM
HWT

МДБЖ арналарын DWDM ALU құралынан жаңа DWDM HWT транзиттік желісіне ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді

Қолжетімділік желісі:

FTTH желілері келесі қамтумен салынған:

115 көп­пәтер­лі үйді

(оның ішінде Алматы — 54, Түркістан — 59, Шымкент — 2)

FTTH желілері келесі қамтумен салынған:

833 коттеджді

(оның ішінде Алматы — 253, Шымкент — 580)

+160 порт

GPON желісін кеңейту жүргізілді

Мыс желілерінен оптикаға ауыстырылды:

85 000 абонент

дедупликация жобасы аясында

Мыс желілерінен оптикаға ауыстырылды:

1 000 абонент

КСБ бойынша құрылыс және күрделі жөндеу шеңберінде

Мыс желілерінен оптикаға ауыстырылды:

862 абонент

Курчатов қаласы толығымен оптикаға ауыстырылды

1,84 млрд теңге

жалпы шығын

Коммутациялық желілер:

Алматы және Орал қалаларында АҚТС-ты тарату бойынша жұмыстар аяқталды;

екі SSW-ді бір орталықтандырылған SSW-ге біріктіру арқылы SSW SoftX-3000 оңтайландыру аяқталды;

Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Атырау қалаларындағы АҚТС-ты SSW-ге ауыстыру;

C&C08 типті коммутациялық жүйелерді ЖІШЖ функционалымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;

мыстан дедупликациялау және FTTx-ке көшіру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды;

абоненттердің кетуіне және олардың басқа технологияларға көшуіне қарай монтаждалған сыйымдылықты қысқартуды қоса алғанда, жергілікті АТС оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.

IPTV қызметін енгізу және дамыту:

TV+ платформасының желілік бөлігі және Netris платформасынан қызметтерді көшіру толық жабдықталған.

2023 жылға арналған жоспарлар мен міндеттер

Тасымалдау желісі:

  • сыйымдылығы 4*100 Гбит/с Ресей — ­Өзбекстан (Бейнеу — Күнград 2*100гбит/с, Абай — Пахта 2*100гбит/с), Ресей — Қырғызстан 3*100гбит/с (Мерке — Чалдовар 1*100гбит/с, Қордай — Бішкек 2*100гбит/с) бағытындағы транзиттік арналарды ұйымдастыру;
  • Павлодар, Тараз, Семей, Қостанай, Петропавл қалаларында МДБЖ кеңейту жөніндегі жобаларға сәйкес магистральдық желіде арналарды ұйымдастыру үшін DWDM құралдарын жалпы алғанда 18*100гбит/с-қа кеңейту.

IPTV қызметін енгізу және дамыту:

  • Netris платформасынан сервистерді көшіру бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Деректерді беру желісі:

  • PTX10008 (желі ядросының екінші жазықтығын кеңейту) құрылғылары базасында құрылған МДБЖ желісінің ядросын кеңейту жобасын іске асыру;
  • кэш-серверлерді кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру;
  • МДБЖ операторлық байланыстарын және сервистік шекарасын кеңейту жөніндегі жобаны іске асыру;
  • MBH жобасын іске асыру (2-кезең);
  • Smart Pavlodar МДБЖ жобасын іске асыру;
  • VoIP-шлюздерді дедупликациялау бойынша жобаны іске асыру, клиенттерді мыстан оптикаға ауыстыру;
  • BNGMX магистральдық деректерді беру желісін кеңейту бойынша жұмыстарды жүргізу (3-кезең);
  • Алматы, Астана, Шымкент қалаларында 5G-ны енгізу жөніндегі жобаны іске асыру.

Қолжетімділік желісі:

  • 2022 жылы B2C филиалдарында кең жолақты желіні дамыту жобаларына сәйкес 14 қалада оптикалық қолжетімділік желілерін кеңейту;
  • «ONT ECI/Ericsson алмастырусыз GPON технологиясы бойынша қолжетімділіктің ескірген оптикалық желілерінің жабдықтарын жаңғырту» БЖ сәйкес құрал-жабдықтарды жеткізуді жүзеге асыру және GPON ECI/Ericsson жабдықтарын (Алматы, Қарағанды ШСТБ 1-кезеңі) ауыстыруды жүргізу;
  • мысты дедупликациялау және FTTx-ке көшіру жобасы бойынша абоненттерді ауыстыру жоспарларын іске асыру;
  • Ақсай, Жаңаөзен, Түркістан, Астана, Алматы қалаларында «2023 жылы қалалық желілерді GPON технологияларына көшіру» жобасы бойынша FTTH желілерін салу жөніндегі жоспарларды іске асыру;
  • «24 АЕМ-де ТОБЖ құрылысы 50 + АҚ лицензиялық міндеттемелерін орындау» жобасын аяқтау.

Коммутациялық желі:

  • ХКО-1 және ХКО-2 пайдаланудан шығару арқылы қалааралық/халықаралық байланыс желісін NGN желісіне ауыстыруды аяқтау;
  • Орал, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда қалаларының АҚТС пайдаланудан шығаруды аяқтау;
  • Көкшетау, Петропавл, Атырау, Ақтау қалаларындағы АҚТС-ты SSW-ге ауыстыру;
  • абоненттердің кетуіне және олардың басқа технологияларға көшуіне қарай монтаждалған сыйымдылықты қысқартуды қоса алғанда, жергілікті АТС оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру;
  • C&C08 типті коммутациялық жүйелерді ЖІШЖ функционалымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды аяқтау;
  • мыстан дедупликациялау және FTTx-ке көшіру жобасын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру.