ESG саласындағы стратегиялық мақсаттар

GRI 2-23

Экология

Электр энергиясы «Қазақтелеком» АҚ-ның пайдаланатын энергия жұмсайтын ресурстарының бірі болып табылады. Осыны ескере отырып, Компания электр энергиясын тұтынуды азайту үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, климаттың өзгеруіне қарсы күресте барынша елеулі үлес қосты.

ПӘК «Энергетикалық және табиғи ресурстарды тұтынуды азайту»
2032 жылға дейінгі мақсат жылына 2%-ға

электр энергиясын тұтынуды азайту

2022 жылы: 13,2%6

электр энергиясын тұтынуды азайту

6 Төмен көміртекті дамуға көшу, мыс желілерін заманауи оптикалық-талшықты технологияларға көшіру және ауыстыру, энергия тұтынатын жабдықты пайдаланудан шығару жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың арқасында энергия тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы 13,2%-ға төмендеді.

Қоғам

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстан Республикасының жетекші телекоммуникациялық компаниясы, сондай-ақ бүкіл ел бойынша жұмыс орындарын құратын ірі жұмыс беруші болып табылады. Компания оның белгілі бір аймақта болуы тұрғындар мен жұмысшылардың өмір сүру сапасына қалай әсер ететінін түсінеді және осы әсерді басқару үшін барлық қолжетімді шараларды қабылдайды.

Компания 2022 жылы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қызметті жүзеге асыратын өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге ұмтылысын жалғастырды. Сонымен қатар, Компанияның назары қызметкерлердің әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған. Компанияда жыл сайын үш негізгі көрсеткіш негізінде әлеуметтік тұрақтылықты анықтау мақсатында Samruk Research Services (SRS) әлеуметтік зерттеуі жүргізіледі:

  • Қатысу индексі;
  • Әлеуметтік әл-ауқат индексі;
  • Әлеуметтік тыныштық индексі.
ПӘК «Әлеуметтік тұрақтылық индексі»
2032 жылға дейінгі мақсат: 64-79%

деңгейінде ұстау

2022 жылы: 67%
ПӘК «Нөлдік жарақат»
2032 жылға дейінгі мақсат: 2

жазатайым оқиға

2022 жылы: 0,06 (LTIFR)

Корпоративтік басқару

Барлық мүдделі тараптардың мүдделерін есепке алу мақсатында «Қазақтелеком» АҚ жыл сайын барлық заңнамалық талаптарға және үздік әлемдік практикаға сәйкес корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құрады және қолдайды.

ПӘК «Корпоративтік басқару рейтингі»
2032 жылға дейінгі мақсат: AA

деңгейінде ұстау

2022 жылы: ВВВ