Big Data-ны дамыту

Өткен жылы Ақпараттық технологиялар дивизионы қызметінің маңызды нәтижелерінің бірі Компаниядағы үлкен деректермен жұмыс істеуді тиісті деңгейге шығару, сондай-ақ Компания үшін қосымша кірісті генерациялау және нарықтағы көшбасшылық позицияларды сақтау құралы ретінде Big Data аналитикасын енгізу деп атауға болады.

14
млрд теңге 2022 жылы іске асырылатын жобалардың қорытындылары бойынша болжамды экономикалық тиімділік

Өткен жылы цифрлық трансформация шеңберінде Дивизион базасында «Деректер фабрикасы» жеке құрылымдық бөлімшесі құрылды, сондай-ақ деректерді талдау негізінде әртүрлі шешімдерді немесе идеяларды сынақтан өткізуге бағытталған «Sandbox — құмсалғыш» ауқымды жобасы табысты іске асырылды. Бұл жоба барысында Big Data бөлімшелерінің қызметкерлері «Деректер фабрикасының» мамандарымен бірлесіп әртүрлі гипотезаларды сынайды және олардың негізінде тұтынушыларға арналған өнімдерді немесе ішкі пайдалану шешімдерін жасайды. Өткен жылы ғана «құмсалғышта» 76-ға жуық гипотеза сыналды, оның 17-сі қолданыстағы жобаларға айналды, ал алтауының қазірдің өзінде экономикалық нәтиже беруде. Олардың қатарында абоненттік базаны ұлғайтуға, қызмет көрсетуді жақсартуға, күрделі салымдар бюджетін тиімді пайдалануға, ҚДО және TV+ қызметтерін пайдаланушыларды, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ-ның пакеттік ұсыныстарын пайдаланатын жеке клиенттерді ұлғайтуға бағытталған құралдар мен сервистер бар. Қазірдің өзінде үлкен деректерді талдаудың арқасында компания мамандары мақсатты және дербестендірілген ұсыныстарды дамытады, абоненттердің кетуімен жұмыс істейді, IT-жабдықтардың жұмысындағы ықтимал ақауларды болжауға және оның тоқтап қалу уақытын 10%-ға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін проактивті мониторинг жүйесін әзірлейді және енгізеді, осылайша байланыс қызметтерін үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда 2022 жылы іске асырылып жатқан жобалардың қорытындысы бойынша экономикалық тиімділік 14 млрд теңге деңгейінде болжануда, 2023 жылы FCF жаңа жобалардан 30%-ға артық жоспарланған.