Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі
«Қазақтелеком» АҚ тұрақты дамудың барлық он жеті мақсатының маңыздылығын мойындайды және телекоммуникация секторы, Компания қызметінің ерекшелігі және Компания өсуінің стратегиялық бағыттарын орындау үшін ерекше өзекті болып табылатын тоғыз негізгі мақсатты айқындайды.
БҰҰ-ның Тұрақты дамуының басым мақсаттары
Алғашқы таңдау бренді
Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету
Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемде- су, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері бұру және биоалуантүрлілікті жоғалту процесін тоқтату
Орнықты даму мүддесінде Жаһандық серіктестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру
Цифрлық платформа
Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті азайту
Тұтыну мен өндірудің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету
Орнықты даму мүддесінде бейбітшілік сүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығы үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және көпшіліктің қатысуына негізделген мекемелер құру
Тиімді ұйымдастыру
Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алуды ынталандыру
Түсімді, жан-жақты және орнықты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу
Орнықты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі
Жан-жақты және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін өмір бойы білім алуды ынталандыру
4.4 2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс алу және кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін қажетті дағдыларға, оның ішінде кәсіптік-техникалық дағдыларға ие жас және ересек адамдардың санын едәуір ұлғайту
- Оқу орындарымен ынтымақтастыққа және студенттердің Компанияда тағылымдамадан өтуі үшін жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақтелеком» АҚ-ның корпоративтік университетінің ашылуы;
- 23 521-ден астам қызметкер келесі бағыттар бойынша оқытылды: Leadership academy, EX academy, HSE & ESG academy, Сервис және сату академиясы, техникалық академия, IT-академия, Qazaq&English academy, Қаржы академиясы, Jas academy
4.7 2030 жылға қарай барлық оқушылардың орнықты дамуға жәрдемдесу үшін, оның ішінде орнықты даму және орнықты өмір салты, адам құқықтары, гендерлік теңдік, бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті насихат- тау, бейбітшілік азаматтығы және мәдени әртүрліліктің құн- дылығын және мәдениеттің орнықты дамуға қосқан үлесін сезіну мәселелері бойынша оқыту арқылы қажетті білім мен дағдыға ие болуын қамтамасыз ету
- ESG стандарттарын енгізу кезінде басқару органының одан әрі сапалы өсуі мақсатында Директорлар кеңесінің мүшелері үшін оқыту іс-шаралары өткізілді
Түсімді, жан-жақты және орнықты экономикалық өсуге, толық және өнімді жұмыспен қамтуға және барлығына лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесу
8.2 Әртараптандыру, техникалық жаңғырту және иннова- циялық қызмет арқылы, оның ішінде қосылған құны жоғары секторларға және еңбекті көп қажет ететін секторларға ерекше назар аудару арқылы экономикадағы өнімділікті арттыруға қол жеткізу
- Желілік инфрақұрылымды үнемі жақсарту;
- Инновациялық қызмет пен жаңа бизнесті дамыту: 5G, IoT, Smart City, тауарларды таңбалау және т. б.;
- Желілерді техникалық дамыту және қолдау
8.8 Еңбек құқықтарын қорғау және көшіп-қонушы еңбек- шілерді, әсіресе көшіп-қонушы әйелдерді және тұрақты жұмыспен қамтылмаған адамдарды қоса алғанда, барлық еңбекшілер үшін сенімді және қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
- Адам құқықтары саласындағы саясат әзірленді және бекітуге жоспарланған;
- Қызметкерлерге, оның ішінде Ұжымдық шарт шеңберінде әлеуметтік қолдау көрсету
Орнықты инфрақұрылым құру, барлығын қамтитын және тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу
9.1 Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқа- тын қолдау мақсатында, барлық адамдар үшін арзан әрі тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, орнықты және орнықты инфрақұрылымды дамыту
9.2 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті едәуір кеңейту және неғұрлым төмен дамыған елдерде Интернетке жалпыға бірдей және арзан қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтыл
- «Қазақтелеком» АҚ платформасында Қазақстан Республикасының 17 қаласында 34 мың бейнекамера орнатылған. Бейнекамералар кіреберіс топтарға және көпқабатты үйлердің кіреберістеріне орнатылған
Елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті азайту
10.3 Мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ету және нәтижелер теңсіздігін, оның ішінде кемсітушілік заңдарды, саясат пен практиканы жою және осы бағытта тиісті заңнаманы, саясат пен шараларды қабылдауға жәрдемдесу арқылы азайту
- Компанияның әйел қызметкерлерінің білімі мен құзыреттілігін арттыруға бағытталған «Өңірлердегі әйелдерді қолдау» бағдарламасы іске қосылды;
- Тең мүмкіндіктер, инклюзивтілік және әртүрлілік саласындағы саясат әзірленді және бекітуге жоспарланған
Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігін және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету
11.3 2030 жылға қарай елді мекендерді кешенді және орнықты жоспарлау және оларды барлық елдерге кеңінен қатысу негізінде басқару үшін баршаға ашық және эко- логиялық тұрақты урбандалу мен мүмкіндіктер ауқымын кеңейту
- Табиғи сипаттағы ауқымды төтенше жағдайға байланысты (орман өрттері) барлық зардап шеккендерге көрсетілетін қызметтер үшін абоненттік төлем бойынша берешектер мен өсімпұлдарды босату және есептен шығару түрінде көмек көрсетілді
Тұтыну мен өндірудің ұтымды модельдеріне көшуді қамтамасыз ету
12.2 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды ұтымды игеруге және тиімді пайдалануға қол жеткізу
- Мыс байланыс желілерін дедупликациялау және жарықдиодты шамдарды ауыстыру сияқты энергияны тұтынуды азайту шараларын жүзеге асыру;
- «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022-2032 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы
12.6 Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық ком- панияларға өндірістің тұрақты әдістерін қолдануды және өз есептерінде ресурстарды ұтымды пайдалану туралы ақпаратты көрсетуді ұсыну
- Тұрақты даму қағидаттары мен құндылықтарын енгізу;
- Тұрақты даму саласындағы бастамалар бағдарламасын іске асыру;
- GRI стандарттарының талаптарына сәйкес жыл сайынғы тұрақты даму есебін шығару;
- 2023 жылы ESG рейтингін алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру
Құрлық экожүйелерін қорғау және қалпына келтіру және оларды ұтымды пайдалануға жәрдемде- су, орманды ұтымды пайдалану, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері бұру және биоалуантүрлілікті жоғалту процесін тоқтату
15.1 Халықаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерге сәйкес жер үсті және ішкі тұщы су экожүйелері мен олардың қызметтерін, оның ішінде ормандарды, сулы-батпақты алқаптарды, таулар мен қуаң жерлерді сақтауды, қалпына келтіруді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету
- Желілер салынғаннан кейін жерді рекультивациялау бойынша іс-шаралар өткізу;
- 2023 жылға жоспарланған биоалуантүрлілікті және жер ресурстарын басқару жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге дайындық жұмыстары
Орнықты даму мүддесінде бейбітшілік сүйгіш және ашық қоғам құруға жәрдемдесу, барлығы үшін сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейлерде тиімді, есеп беретін және көпшіліктің қатысуына негізделген мекемелер құру
16.5 Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың барлық түрлерін едәуір қысқарту
- Корпоративтік басқарудың негізгі органдарының қызметкерлері мен мүшелерінің 100%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты мен әдістері туралы хабардар болды;
- Компанияның қызметіне әсер ету салаларын, келіспеушіліктерді және Компанияның кірісін түгел алмауға және шығынға әкеп соқтыратын өзге де бұзушылықтарды анықтау тұрғысынан талдау жүргізілді.
Орнықты даму мүддесінде Жаһандық серіктестік шеңберінде жүзеге асыру құралдарын нығайту және жұмысты жандандыру
17.16 Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологиялар мен қаржы ресурстарын жұмыл- дыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен серіктестіктермен толықтырылатын орнықты даму мүддесіндегі жаһандық серіктестікті нығайту;
17.17 Серіктестердің ресурстарын пайдалану тәжірибесі мен стратегиясына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар арасындағы, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы және азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді әріпте- стікті ынталандыру және көтермелеу
- Заң шығарушы және атқарушы органдармен, азаматтық қоғам институттарымен, жергілікті қауымдастықтармен және бизнес қауымдастықтармен өзара әрекеттесу;
- Халықаралық және ұлттық қауымдастықтарға қатысу;
- Жұмыс топтарына, мемлекеттік құрылымдардың бейіндік комитеттеріне және қауымдастықтарға мүшелік