Бизнес-портфель

GRI 2-6

«Қазақтелеком» АҚ Бизнес-портфелі телекоммуникациялық қызметтердің толық спектрін қамтиды және республиканың барлық өңірлерінде және одан тыс жерлерде ұсынылған.

Компанияның қызметтері бөлшек және көтерме байланыс қызметтері нарығында ұсынылған.

Компани көтерме сауда нарығында қолданыстағы заңнаманың нормаларын және өзара тиімді серіктестік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, операторлық сегментте қызмет көрсетеді.

Компания операторлар мен олардың абоненттеріне сапалы және сенімді сервисті қамтамасыз ететін өткізу қабілеті жоғары жаңа цифрлық жабдықта құрылған операторлар желілерін қосу және трафиктің барлық түрлерін өткізу үшін қажетті желілік ресурстардың, телекоммуникациялардың тармақталған желісінің болу бәсекелестік артықшылық факторларын сақтауға және дамытуға ұмтылады.

«Қазақтелеком» АҚ байланыс қызметтерінің бөлшек сауда нарығында соңғы тұтынушылар — жеке (В2С) және заңды тұлғалар (В2В, B2G) үшін телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді.

Көтерме нарықтағы қызметтердің негізгі санаттары
Операторлық қызметтер
  • Телекоммуникация желілерін қосу және желіаралық, жергілікті, қалааралық және халықаралық трафикті өткізу;
  • Интернет желісіне қол жеткізу;
  • магистральдық байланыс арналарын жалға беру;
  • кабельдік кәріз желілерін төсеу үшін қосымша қызметтер;
  • биллинг қызметтері — байланыс операторларына трафик бойынша деректерді есепке алу және өңдеу бойынша қызметтер көрсету;
  • ТЖС желісіне қосылу — «Қазақтелеком» АҚ тактілік желілік синхрондау (ТЖС) жүйесіне қосылу қызметтері.
Серіктестік бағдарламалар
  • Жергілікті телефон байланысы желілері операторларының абоненттерінің Megaline брендімен Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік қызметтерін алу мүмкіндігі;
  • бастапқы қазақстандық Интернет-қызмет провайдерлерінің Интернет-трафикпен алмасу орталығының жабдықтарына қосылу.
Жеке тұлғалар (үй шаруашылықтары) үшін көрсетілетін қызметтер
Дүкен
  • «Қазақтелеком дүкені» интернет-­гипермаркеті.
Телеграф байланысы қызметтері
  • Телеграф арқылы мәтіндік хабарламалар жіберу.
Дәстүрлі телефония
  • Жергілікті, ҚА/ХА байланыс қызметтері;
  • «Тарлан» телефон карталары;
  • виртуалды нөмір;
  • шақырылатын абонент есебінен қоңырау шалу;
  • сайттан қоңырау шалу (ClickToCall);
  • виртуалды Call-Center.
Кешенді ұсыныстар
  • iD Net. Интернет желісіне жоғары жылдамдықты мүмкіндік;
  • iD Phone. SIP-телефония негізіндегі қызмет;
  • iD-TV. Интерактивті теледидар қызметі (IPTV);
  • iD Host. «Қазақтелеком» АҚ-ның серверлеріндегі хостинг қызметтері;
  • Ultra, Black, Silver — телефония, ұялы байланыс, теледидар, Интернет сияқты қызметтердің барлық түрлерін қамтитын пакеттік ұсыныстар.
Интернет желісіне қол жеткізу
  • ADSL, FTTX, WiMAX, WLL, WI-FI технологиялары бойынша кең жолақты қолжетімділік;
  • коммутацияланатын қол жетімділік;
  • LTE технологиясы бойынша сымсыз жоғары жылдамдықты қол жетімділік;
  • Smart Internet — Cisco VPN IPSec арқылы клиентке тиесілі IP-мекенжайлар бойынша Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;
  • ата-ана бақылауы — үй желісіне қосылған кез келген құрылғыларда контентті пайдалануға рұқсатты шектеу.
Қосымша қызметтер
  • 169 анықтамалық-ақпараттық қызметі;
  • зияткерлік желі қызметтері (8-800-ххх нөмірлері бойынша ақпараттық-ойын-сауық сервистері);
  • кіреберістегі бейнебақылау;
  • бейнебақылау порталы;
  • ақылды үй;
  • БҚ-ға жазылу;
  • НҰР музыкасына жазылу.
Заңды тұлғалар үшін көрсетілетін қызметтер (B2B және B2C)
Деректерді беру
  • Бизнеске арналған Интернет — барлық қол жетімді технологиялармен ДБ ортасын құру;
  • Wi-Fi Target — сымсыз технологиясы бар желілерге қол жеткізу;
  • мобильді кеңсе — қорғалған хаттамалар бойынша кез келген жерден корпоративтік желілерге қол жеткізу;
  • IP VPN — қорғалған арналарға рұқсат;
  • бақылау-кассалық машиналар — қазыналық деректер сервисі.
Бұлтты сервистер
  • Бұлтты бейнеконференция — арнайы жабдықты пайдаланбай қатысушылар саны шектеусіз бейнеконференцияларды ұйымдастыру;
  • бейнебақылау — бейнебақылау сервисінің қызметі;
  • виртуалды АТС;
  • сандық медициналық карта — дәрігерлер мен ұйымдарды іздеу қызметі;
  • сандық платформа — ISMET.KZ кәсіпкерлерге арналған ашық цифрлық платформа;
  • блокчейн — блокчейн өнімдеріне арналған инфрақұрылым.
Қосымша қызметтер
  • Ақылды қала — LoRa технологиясы бойынша қызметтер;
  • Ақылды ТҮКШ — су, электр, газ есептегіштерінің деректерін жинау және қызметтерді жеткізушілерге деректерді жіберу қызметтері;
  • ақылды жарықтандыру — қаланың жарықтандыру жүйелерін бақылау;
  • ақылды люк — ашық люктерді басқару жүйесі;
  • DDoS шабуылдарынан қорғау;
  • виртуалды Firewall.