SERPIN трасформация­лау бағдарламасы

«Қазақтелеком» АҚ-ның цифрлық трансформациясы клиенттік жолдарды жетілдіруге бағытталған және Компанияның белгіленген стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес іске асырылады.

Клиентті қанағаттандыруға қарай өзгеру процесі Компания қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Клиенттің қажеттіліктерін анықтау үшін ұсынылатын қызметке оның көзімен қарау керек — бұл клиент жолдарын дамыту мен оңтайландыруды түсіну үшін өте маңызды. Өткен жылы біз көрсетілетін қызметтерді жетілдіру аясында көп нәрсе жасай алдық.

Біріншіден, біз бүкіл Компанияның цифрлық трансформациясының жалпы мақсаттарын анықтадық, клиенттік қызметке, желі сапасына және ішкі дамуға қатысты нақты мәселелерге назар аудардық.

Фокус-карта бекітілді, онда Компанияның бір жылға арналған негізгі міндеттері, әр түрлі бөлімшелердегі әріптестер жоспарлы түрде жұмыс істейтін өлшемді мақсаттардың бірыңғай пулына құрылымдалған. Орындалу мәртебесін қадағалау апта сайын Scrum сессияларында жүргізіледі, Agile-тәсілдер енгізіледі.

Екіншіден, өзгеріс мәдениетін қалыптастыру маңызды. Байланыс тез және қарапайым болды, әр түрлі дивизиондардан кросс-функционалды командалар құрылды. Компания компанияның дамуын бәсеңдететін блокерлер мен сын-қатерлер туралы ашық мәлімдейді, бұрын өзекті деп санамаған мәселелерді көтереді, бөлімшелер арасында командалық жұмысты жолға қояды.

Үшіншіден, «Қазақтелеком» АҚ клиенттік жолдарды дамытуда және қызмет көрсету деңгейін арттыруда нәтижелерге қол жеткіз. Бірқатар процестерді оңтайландыру мен цифрландырудан кейін Компания біздің қызметтерімізді қосуда жеделдеді.

Сын қатерлер саны айтарлықтай болып қала береді. Үлкен деректер технологиясын қолдану бірінші кезекте жұмыс істеу үшін басымдық берілуі тиіс «әлсіз жақтарды» және перспективалық бағыттарды дәлірек анықтауға ықпал етеді, өйткені бұл сандық деректермен расталаған. Есептерді, дашбордтарды қалыптастыру және статистиканы қадағалау үшін Qlik Sense құралы қолданылады.

2022 жылы микро сервистік архитектураға көшу процесі басталды, Үлкен деректер фабрикасы құрылды, Zero Trust жобасы шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Құрылған дивизиондық құрылымға көшу бизнес-процестерді басқаруды едәуір жеңілдетеді, шешім қабылдау жылдамдығын арттырады.

Трансформация — бұл Компаниядағы жеке бағыт немесе қызмет емес, әр қызметкердің санасының өзгеруі. «Қазақтелеком» АҚ Компания клиенттерінің адалдығын арттыруға бағытталған міндеттерді шешу бойынша жұмысты жалғастыруды және клиентті қанағаттандыру қағидаттарды ұстануды жоспарлап отыр.

2022 жылы SERPIN Жол картасын іске асыру нәтижелері

SERPIN (бұдан әрі — SERPIN) стратегиялық бизнес-бастамаларды іске асыру жол картасы — негізінен клиенттік жолдарды, маркетингті, ішкі бизнес-процестерді цифрландыруға бағытталған «Қазақтелеком» АҚ-ның трансформациясының үшінші кезеңі.

Трансформация мақсаттары:

  • нарықтың талаптары мен үміттерін қанағаттандыру;
  • компанияны өзгерістер мен сын-қатерлерге ­дайын ету;
  • бәсекеге қабілеттілікті жақсарту және арттыру.

Трансформация бағдарламасы үш стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырылды: Алғашқы таңдау бренді, Цифрлық платформа және Тиімді ұйымдастыру. Әр бағыт 48 жобаны құрайтын бірқатар мәселелерді шешеді.

Алғашқы таңдау бренді

СБ-ның мақсаты В2С және В2Х (B2B, B2G және В2О нарықтарын қоса алғанда), В2С тіркелген байланысы (КЖҚ, телефония және ақылы теледидардың өнім сегменттерін қоса алғанда), кірісті ұлғайту және маркетинг пен сату шығындарын оңтайландыру арқылы В2Х тіркелген байланысы үшін ұялы байланыс нарығында ұзақ мерзімді көшбасшылықты сақтау болып табылады.

Цифрлық платформа

Цифрландыру — трансформация бағдарламасын дамытудың негізгі векторы.

«Қазақтелеком» АҚ СБ-ның шеңберінде цифрлық платформа алдына негізгі бизнес пен желіні цифрлық трансформациялау, сондай-ақ жаңа цифрлық бизнес-модельдер мен әріптестіктерді пайдалана отырып, бірегей нарықтық жағдайды монетизациялау бойынша мақсаттар қойды.

Стратегия шеңберінде Цифрлық трансформация үш бағыт (негізгі бизнестің цифрлық трансформациясы, бизнестің жаңа цифрлық бағыттарын дамыту, желінің цифрлық трансформациясы) және әртүрлі міндеттері бар екі уақыт көкжиегі тұрғысынан қарастырылады:

  • Бірінші көкжиек: тұтынушы жолдарын оңтайландыру және цифрландыру және цифрлық маркетинг құралдарын енгізу арқылы цифрлық жетілуге қол жеткізу;
  • Екінші көкжиек: қызметтің барлық салаларында процестерді оңтайландыру үшін аналитиканы ауқымды енгізу, бэк-офисті және қосалқы функцияларды роботтандыру, желіні ауқымды виртуалдандыру және 5G-ді іске қосу, бизнестің жаңа цифрлық бағыттарын дамыту.

Тиімді ұйымдастыру

3-СБ-ның негізгі міндеттері тиімділікті арттырудың ауқымды бағдарламасын іске қосу және Топтың оңтайлы ұйымдық құрылымына көшу болып табылады, оның ішінде:

  • желілік инфрақұрылымдағы қайталануды жою, ауылдық жерлерде сымсыз технологияларға көшу және қызмет көрсету көлемін ұлғайту;
  • күнделікті тапсырмаларды орындауды автоматтандыру және қызметкерлердің тиімділігін жетілдірілген басқару;
  • әкімшілік функцияларды оңтайландыру, соның ішінде OҚКО-ны одан әрі оңтайландыру және белгілі бір функцияларды аутсорсингке шығару;
  • Холдинг пен негізгі бизнес-бірліктерді бөле отырып, Топтың ұйымдық құрылымын оңтайландыру.

Бұдан басқа, ұйымдастыру тиімділігін арттыру бойынша жұмыс бюджеттеуді және инвестициялық қызметтің пост-мониторингін автоматтандыруды көздейді, бұл Компанияның операциялық және инвестициялық портфельдерін тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Мұнда SERPIN трансформациялау бағдарламасы шеңберінде барлық бастамаларды табысты іске асыру үшін корпоративтік мәдениетті өзгерту, Компанияда қолайлы микроклимат құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

SERPIN-нің 2022 жылғы нәтижелері

Өткен жылы SERPIN трансформациялау бағдарламасы Компания үшін шамамен 9,6 млрд теңге көлемінде бос ақша қаражатын қамтамасыз етті. Бұл көрсеткіш мәлімделген жоспарлы шамадан он есе артық. SERPIN жол картасы — Компанияның 2029 жылға дейін белгіленген корпоративтік стратегиясының жобалық орындалуын қамтамасыз ететін стратегиялық және бизнес бастамаларының жиынтығы.

Өткен жылдың нәтижелері бойынша барлық жоспарланған кезеңдердің желтоқсан айының соңына дейін орындалуы 95%-дық шаманы көрсетті, бұл жоспардың айтарлықтай асыра орындалуын қамтамасыз етті.

9,6
млрд теңге Компания үшін 2022 жылы SERPIN бағдарламасымен қамтамасыз етілген бос ақша қаражаттары
95%
2022 жылдың нәтижелері бойынша барлық жоспарланған кезеңдерді орындау

2022 жылғы цифрлық трансформацияның негізгі нәтижелері

Коммерциялық дивизиондарда

14%

ҚЖН-ге қоңыраулар санының азаюы, цифрлық арналар сұранысқа ие болуда

58%

цифрлық арналарда клиенттердің өздігінен шешкен мәселелер көлемінің өсу пайызы

(2021 ж. — 1,2 млн, 2022 ж. — 1,9 млн)
36%

цифрлық арналарда қызмет көрсететін B2B тұтынушыларының үлесі

100%

ЖК-дің онлайн операциялары

45,2%

цифрлык арналардағы БББ-де self-service  пайызы

62%

толық цифрлық жүйеге енгізілген жеке кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге сұраныс түрлерінің пайызы

24,6%

B2C  сегментіндегі онлайн сату үлесі

401 мың клиент

telecom.kz цифрлық арнасында

>40 микросервис

микросервистік архитектураға көшті

18 серіктес

ismet.kz арқылы «АЕМ-дегі серіктес» бағдарламасына қосылды

6 ауыл

ismet.kz арқылы «АЕМ-дегі серіктес» бағдарламасына қосылды

65 ауылда

жұмыс істелуде

Қолдау дивизиондарында

ҚТЖ/АТЖ-дің бірлі-жарым зақымдануын жоюдың орташа уақыты сәйкесінше 12 және 10 сағатты құрады. Жыл нәтижелері бойынша жекелеген зақымдарды жоюдың орташа уақыты 12 сағаттан асатын қалалар саны 5 есеге, ауылдар саны (24 сағаттан астам) 3 есеге қысқарды;

корпоративтік және жеке клиенттердің геометриялық үдемелі қажеттіліктерін болжайтын қызметтердің сапасын арттыру үшін Компанияның желілік архитектурасын жоспарлы дамыту басталды;

клиенттерге қызмет көрсету тәсілін жақсарту шеңберінде «Клиенттермен жұмыс істеу цехы» (КЖЦ) бөлімшесі құрылды, оның құрамына тек қызмет тұтынушыларымен жұмыс істейтін бесаспап мамандар кіреді;

Абай облысындағы Курчатов қаласы мыс желісінен оптикалық желіге 100% көшіру бойынша жоба іске асырылды. Жоба аясында 13 км ТОБЖ және 1,1 км телефон кәрізі салынды, 20 км мыс кабелін бөлшектеу және 3 ғимаратты босату жұмыстары жүзеге асырылды. 862 абонент мыстан оптикаға ауыстырылды;

корпоративтік процестерді цифрландыру жүзеге асырылуда;

арнайы сервисті әзірлеу арқылы іссапарлар мен оқыту процесі жеңілдетілді.

Бүкіл компанияда

Корпоративтік Университет құрылды. Digital MBA, Start MBA бағдарламасы іске қосылды, барлық бағыттар бойынша L&D құрылды.

ScrumTrek сүйемелдеу кезінде InDiGiCo, B2C, B2B, АТД командаларында Agile енгізілді. Бір тоқсанға және бір жылға өлшенетін мақсаттар қою. Әрбір спринт іскерлік мақсатқа ие болды. Өзара тәуелділіктер анықталды.

«Қазақтелеком» АҚ-ның 2023 жылға арналған даму фокустары

90% оптикалық технологияны пайдалана отырып, 24 күнтізбелік сағат ішінде жүзеге асырылған клиенттердің Интернет қызметіне қосылу пайызы
95% 12 күнтізбелік сағат ішінде жыл соңында БЗТ-ның жойылған пайызы
90% барлық арналар мен бөлімдер бойынша компаниядағы FRR деңгейі