Нарық және бәсекелестік
Басқару тәсілі
Компаниядағы бәсекелестікке қарсы мінез-құлықты басқару тәсілі құқықтық, этикалық және стратегиялық шаралардың
жиынтығын қамтиды. «Қазақтелеком» АҚ басшылыққа алатын Қазақстан Республикасының негізгі заңнамалық актілерінің бірі
«Табиғи монополиялар туралы Заң болып табылады.
Компания табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген және
«Әмбебап қызметтер» операторының функцияларын жүзеге асырады, осыған байланысты оның қызметі мемлекет тарапынан
реттелуге жатады.
«Қазақтелеком» АҚ-ның монополияға қарсы реттеу саласындағы қызметін телекоммуникациялар саласындағы табиғи
монополиялар саласындағы уәкілетті орган — Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің
Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті бақылайды.
«Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы өкілеттіктерді Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
жүзеге асырады.
Есеп беру кезеңінде Компанияда бәсекелестіктің кедергісіне байланысты Компанияға қатысты монополияға қарсы заңнаманы және өзге де құқықтық әрекеттерді бұзуға байланысты жағдайлар тіркелмеген.