Басқарма

Басқарма акционерлік қоғамның міндеттерін орындау және стратегиясын іске асыру мақсатында ағымдағы қызметке басшылықты жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.

4
адам Басқарма мүшелері болып табылады

Басқарма қызметі акционерлердің мүдделерін барынша сақтау және акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдеріне толық есеп беру қағидаты негізінде құрылады.

Басқарма 4 мүшеден — Басқарма Төрағасынан және Директорлар кеңесі сайлаған басқа адамдардан тұрады.

2022 жылы Компания Басқармасының құрамына сайланды:

  • Битабаров Берік Әбдімәжитұлы, «Қазақтелеком» АҚ операциялық тиімділік жөніндегі бас директоры;
  • Атамуратова Людмила Викторовна, «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры.

Басқарма құрамы

GRI 2-11

Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы

Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы

Туған күні: 10 маусым 1975 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 15 наурыз 2010 жыл

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына ағымдағы сайлау күні: 16 наурыз 2022 жыл

Компанияның акцияларына, жеткізушілердің және компанияның бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1991-1995 — Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Қолданбалы математика». Математика ғылымдарының кандидаты;
  • 2001–2002 — Қазақ мемлекеттік басқару академиясы. Мамандығы: «Менеджмент»;
  • 2015–2017 — Hult Business School, London, GB; Мамандығы: «Қаржы»; Деңгейі: Executive MBA.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары
  • 23.02.2007 — 15.03.2010 — Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, Төраға;
  • 15.03.2010 — қазіргі уақытқа дейін — «Қазақтелеком» АҚ, Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі.
Басқа ұйымдардың қосалқы жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік
  • «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі, Байқаушы кеңесінің төрағасы, «QazCloud» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі, «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС Байқаушы кеңесінің төрағасы.

Мейірманов Нұрлан Кемалұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, Инновациялар жөніндегі Бас директор

Туған күні: 3 тамыз 1972 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 2 мамыр 2019 жыл

Компанияның акцияларына, жеткізушілердің және компанияның бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1989–1995 — Қазақ химия-технологиялық институты. Мамандығы: «Химиялық өндірістің негізгі процестері және химиялық кибернетика»;
  • 2008-2011 — Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы. Мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру докторы»;
  • 2011 — Халықаралық бизнес академиясы. Мамандығы: «Іскерлік әкімшілендіру докторы».
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары
  • 01.2012 — 05.2019 — «Қазақтелеком» АҚ, Инновациялар жөніндегі Басқарушы директор;
  • 05.2019 — қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ, Инновациялар жөніндегі Бас директоры.
Басқа ұйымдардың қосалқы жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік
  • «НҰРСАТ+» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.

Атамуратова Людмила Викторовна

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры

Туған күні: 1 наурыз 1980 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 1 маусым 2022 жыл

Компанияның акцияларына, жеткізушілердің және компанияның бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1997–2002 — Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті (Ресей Федерациясы, Челябинск қ.), Қаржы-экономикалық факультеті (үздік диплом). «Менеджер» біліктілігі. «Жобаларды басқару» мамандандығы;
  • 1999 — 2001 — Оңтүстік Орал мемлекеттік (Ресей Федерациясы, Челябинск қ.), Лингвистикалық орталық. «Ағылшын тілінің аудармашысы және оқытушысы» біліктілігі. «Теориялық және қолданбалы лингвистика» мамандығы.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары
  • 10.1999 — қазіргі уақытта — «Қазақтелеком» АҚ, маман, менеджер, бас менеджер, Жобалық қаржыландыру департаментінің директоры, Бас қаржы директоры.
Басқа ұйымдардың қосалқы жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік
  • жоқ

Битабаров Берік Әбдімәжитұлы

«Қазақтелеком» АҚ Басқарма мүшесі, «Қазақтелеком» АҚ-ның Операциялық тиімділік жөніндегі Бас директоры

Туған күні: 18 қыркүйек 1977 жыл

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

«Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына алғаш сайланған күні: 1 мамыр 2022 жыл

Компанияның акцияларына, жеткізушілердің және компанияның бәсекелестерінің акцияларына иелік ету: жоқ

Білімі: жоғары
  • 1994–1999 — Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. Мамандығы: «Халықаралық қатынастар жөніндегі маман»;
  • 2021 — Лондон бизнес мектебі, Ұлыбритания. Дәрежесі: Executive MBA.
Соңғы бес жылдағы ұйымдардағы жұмыс орны және атқаратын лауазымдары
  • 05.2015 — қазіргі уақытта — «Қазақтелеком» АҚ, Басқарушы директор — Қызметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры; Қызметкерлер жөніндегі Басқарушы директор; Қызметкерлер, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау жөніндегі Басқарушы директор; Қызметкерлер жөніндегі Бас директор; Операциялық тиімділік жөніндегі Бас директор.
Басқа ұйымдардың қосалқы жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік
  • жоқ

Басқарма қызметі

«Қазақтелеком» АҚ Басқармасы ұйымның күнделікті қызметіне басшылықты жүзеге асырады, оның стратегияға, даму жоспарына және акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар Кеңесі қабылдаған шешімдерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Басқарма аптасына бір рет бетпе-бет отырыстар өткізеді, қажет болған жағдайда қосымша отырыстар тағайындайды.

2022 жылы Басқарма мүшелерінің саны 9-дан (тоғыздан) 5-ке (беске) дейін азайтылып, құрамына қайта сайланды:

  • Атамуратова Людмила Викторовна (Бас қаржы директоры);
  • Битабаров Берік Әбдімәжитұлы (Операциялық тиімділік жөніндегі бас директор).

Есеп беру кезеңінде басқарма келесі негізгі мәселелер бойынша қаралды және шешімдер қабылдады:

  • «Қазақтелеком» АҚ-ның 2021 жылғы Жылдық қаржылық есептілігі, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2021 жылғы Еншілес және қауымдастырылған ұйымдарының Жылдық қаржылық есептілігі, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2021 жылғы таза кірісін бөлу тәртібі, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2023 жылға арналған инвестициялық қызметінің параметрлері, «Қазақтелеком» АҚ-ның жаңа редакциядағы Коммерциялық құпиясы туралы ереже, «Қазақтелеком» АҚ жаңа редакцияда Инсайдерлік ақпаратқа иелік етуін және пайдалануды ішкі бақылау қағидалары, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2023-2032 жылдарға арналған Даму стратегиясы, «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022-2030 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы қаралды және мақұлданды;
  • «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022 жылға арналған Сатып алу бюджеті және Кассалық бюджеті, «Қазақтелеком» АҚ-ның Стратегиялық және бизнес-бастамаларын іске асырудың жол картасы — SERPIN бағдарламасы және Жол картасы жобаларын іске асырудың қаржылық әсері, «Қазақтелеком» АҚ Көлік құралдары мен арнайы техникаларының істен шығуы және есептен шығару ережелері және т. б. бекітілді.

Басқарманың сыйақысы

GRI 2-19, 2-20, 2-21
224 992,9
мың теңге қоғамның Басқарма мүшелеріне 2022 жылы төленген ақшалай еңбекақы төлемдері мен ынталандырудың барлық түрлерінің жиынтық мөлшері

Қоғамның басшы қызметкерлеріне есеп беру кезеңі үшін сыйақы төлеу талаптары мен тәртібі Директорлар кеңесінің 14.02.2023 ж. №2 хаттама шешімімен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ басшы қызметкерлеріне есеп беру кезеңіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы төлеу ережесімен (бұдан әрі — Ереже) регламенттелген.

Ережелердің негізгі принциптері:

  • Қоғам мен оның акционерлерінің мүдделеріне сай келетін міндеттерді орындаумен сыйақының өзара байланысы;
  • сыйақы мөлшерін айқындау қағидаларының қарапайымдылығы мен ашықтығы;
  • Қоғам қызметінің нәтижелеріне және қызметкердің жеке нәтижелілігіне сыйақының тәуелділігі.

Есеп беру кезеңіндегі жұмыс қорытындылары бойынша басшы қызметкерлерге сыйақы төлеу талаптары:

  • сыйақы төлеу үшін жоспарланған соманы ескере отырып есептелген есеп беру кезеңіндегі шоғырландырылған жиынтық пайданың болуы;
  • Қоғамның «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның контрагент-банктерге кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжатын сақтауы. Мұндай жағдайларда төлем туралы шешімді Директорлар кеңесі жеке қабылдайды.

Басшы қызметкерлердің қызметін бағалау үшін мотивациялық ПӘК қолданылады.

Басшы қызметкерлер қызметінің тиімділігін бағалау рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:

  • мотивациялық ПӘК және оның мақсатты мәндерін белгілеу;
  • мотивациялық ПӘК-ті бекіту;
  • нәтижелілігін мониторингілеу;
  • нақты нәтижені есептеу және бекіту.

Есеп беру кезеңіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақы белгіленген тәртіппен есеп беру кезеңіндегі аудиттелген қаржылық есептілік негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бекітілгеннен кейін Қоғамның бюджетінде осы мақсатқа көзделген ақшалай қаражат шегінде төленеді.

Есеп беру кезеңіндегі жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылардың шекті мөлшері еңбекке ақы төлеу құрылымына сәйкес айқындалады.

Қоғамның Басқарма мүшелеріне 2022 жылы төленген ақшалай еңбекақы төлемдері мен ынталандырудың барлық түрлерінің жиынтық мөлшері 224 992,9 мың теңгені құрады.

Еңбекақы құрылымы, %

Жылдық лауазымдық еңбекақы (оның ішінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына материалдық көмек) Қысқа мерзімді сыйақы (бір жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша)
Атқарушы органның басшысы 32% 68%
Атқарушы органның мүшелері 35% 65%