Климаттың өзгеруі
Парниктік газдар шығарындылары
Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа интеграцияланған ел ретінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жаһандық мақсатты бөліседі.
Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа интеграцияланған ел ретінде климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі жаһандық мақсатты бөліседі. Қазақстандағы тіркелген телефонияның ірі операторы, байланыс қызметтерін көрсетуде көшбасшы, сондай-ақ ұлттық деректерді беру желісінің ірі операторларының бірі бола отырып, «Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның ПГ шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық мақсаттарға қатысуын қолдайды. Компания өзінің бизнес-моделінде тұрақтылық қағидаттарын белсенді қолданады және енгізеді. «Қазақтелеком» АҚ-ның Стратегиясының бағыттарының бірі тұрақты даму саласындағы жетілдіру болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ-ның стратегиялық мақсаты 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсатымен 2021 жылмен салыстырғанда 2032 жылға қарай ПГ шығарындыларын 13%-ға қысқарту болып табылады. 2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ климаттың өзгеруі саласындағы ұлттық және халықаралық мақсаттарды орындауға ықпал ететін белсенді жұмыс жүргізді.
Компанияда парниктік газдар шығарындыларын басқару шеңберінде мынадай ішкі құжаттар жұмыс істейді:
- «Қазақтелеком» АҚ-ның 2022-2032 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасы;
- Парниктік газдар шығарындылары мен энергия ағындары бойынша мониторинг және есеп беруге арналған нұсқаулықтар.
2022 жылдың желтоқсанында Компания парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған төмен көміртекті дамытудың 2022-2032 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі және бекітті, оны іске асыруға Компания филиалдарының барлық Бас директорлары қатысады. Осы бағдарламаның іске асырылуын бақылауды стратегиялық басқару жөніндегі Бас директор жүзеге асырады. Бағдарлама энергия тұтынуды жылына 2%-ға төмендету, Компанияның инвестициялық тартымдылығы мен акционерлік құнын арттыру, сондай-ақ 2032 жылға қарай Компанияның көміртегі ізін 13%-ға азайту жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар мен бастамаларды қамтиды. ТКДБ-ны дайындау кезінде төмен көміртекті дамудың төрт негізгі бағыты анықталды:
- баламалы энергия;
- ресурстарды үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;
- өтемақылық іс-шаралар;
- парниктік газдар мәселелерін бақылау және басқару.
ТКДБ-ның шеңберінде Компания парниктік газдар шығарындыларын мониторингілеу, есеп беру және басқару жөніндегі корпоративтік жүйені құруды жоспарлауда. Компания жыл сайын ПГ шығарындыларының көздеріне түгендеу жүргізуге, парниктік газдар шығарындыларын КӨҮАТ-ның басшылығының халықаралық есеп беру стандартына сәйкес ашуға, есептеуге және верификациялауға ниетті.
Қазір базалық жыл 2021 жыл Компанияның парниктік газдар шығарындыларын бастапқы түгендеу мен сандық бағалауды жүргізуіне байланысты қабылданды. Төмен көміртекті даму мақсаттарына қол жеткізу үшін Компанияда энергетикалық ағындар мен парниктік газдар шығарындылары бойынша есеп беру талаптарын біріздендіру үшін корпоративтік құжат әзірленуде.
Парниктік газдар шығарындыларының көлемі11, тонна СО2-экв.
Көрсеткіш атауы | 2021 | 2022 | Өзгеру, % |
---|---|---|---|
Парниктік газдардың тікелей шығарындылары (1-қамту), оның ішінде: | 28 833 | 28 291 | -1,9 |
– көмірқышқыл газы (СО2) | 28 750 | 27 851 | – |
– азоттың шала тотығы (NO2) | 62 | 298 | – |
– метан (CH4) | 20 | 142 | – |
Парниктік газдардың жанама энергетикалық шығарындылары (2-қамту) (электр және жылу энергиясы) | 225 417 | 204 276 | -9,4 |
Парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі | 254 249 | 232 567 | -8,5 |
11 2020 жылы парниктік газдар шығарындыларының бағалауы жүргізілген жоқ. Шығарындыларды есептеу үшін базалық жыл — 2021 жыл.
Компанияда биомассаның жануы мен ыдырауынан ПГ шығарындылары жоқ. 1 қамту ПГ шығарындыларын есептеу КӨҮАТ-ның басшылығы негізінде отын тығыздығының жеке көрсеткіштерін қолдана отырып жүзеге асырылды. 2-қамтудың ПГ шығарындыларын есептеу экономиканың реттелетін секторларындағы бенчмарктердің бекітілген тізбесі негізінде жүзеге асырылды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ парниктік газдар шығарындыларының жалпы көлемі 232 567 тонна СО2-экв құрады. (1 және 2 қамту), бұл 2021 жылғы деңгейден 8,5%-ға төмен. Энергияның тікелей (1-қамту) және жанама шығарындыларының (2-қамту) көлемі тиісінше 1,9% және 9,4%-ға азайды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің төмендеуі пайдаланушылардың мыс байланыс желілерінен талшықты-оптикалық желілерге ауысуына байланысты, бұл қол жеткізу желісінің инфрақұрылымына қызмет көрсету және станциялық жабдықты күтіп ұстау шығындарын оңтайландыруға, АТС, МАД, DSLAM бөлшектеуге, оның ішінде электр энергиясын тұтынатын ғимараттар мен үй-жайларды нұршамдарды жарықдиодты шамдарға ауыстыру арқылы босатуға және Компанияның 2032 жылға дейін кезекпен іске асыруды жоспарлап отырған энергия тиімділігі бөлігіндегі іс-шаралар. 2022 жылы көміртегі сыйымдылығы 2021 жылмен салыстырғанда 14%-ға төмендеді.
2023 жылға және орта мерзімді келешекке арналған жоспарлар
2023 жылы энергия ресурстарын олардың төмен көміртекті энергия көздерін тұтынуды ұлғайту жөніндегі іс шараларды орындау жоспарлануда:
- Төмен көміртекті даму саласындағы бастамаларды іске асыруды жалғастыру — Қостанай облысында төмен көміртекті энергия көздерін (газ) пайдалануға көшу;
- Стационарлық және мобильді көздерде қазба отындарын тұтынуды азайту;
- «Қазақтелеком» АҚ ТКДБ-ның 2022-2032 жылдарға арналған іс-шараларын іске асыру (https://telecom.kz/ru/pages/13683/172516);
Энергоменеджмент
«Қазақтелеком» АҚ компанияның өндірістік қызметінің энергия тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жоғары тиімді технологияларды қолдануға ұмтылады.
2022 жылы энергия ресурстарын тұтынатын бастапқы өндірістік объектілердің құрылымдық деректерін қамтитын Энергетикалық тізілім және Парниктік газдар тізілімі әзірленді. Тізілім шеңберінде энергетикалық ағындар бойынша мониторинг және есептілік жүйесін құру үшін мынадай іс шаралар көзделеді:
- Компаниядағы сапаны бақылаудың ішкі рәсімдері (жедел қызметкерлерді тұрақты сертификаттау және аккредиттеу, операторлық бақылау шеңберінде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын тексеру, бекітілген есеп айырысу әдістемелерінің сақталуын және пайдаланылуын бақылау);
- өндірушінің нұсқауларына және кәсіпорынның қолданыстағы тәжірибесіне сәйкес мониторинг жүргізу үшін өлшеу жабдығына тұрақты техникалық қызмет көрсету, калибрлеу және тексеру;
- бастапқы және қосалқы деректерді тоғыспалы тексеру;
- тұрақты тренингтер және қызметкерлерді қайта даярлау;
- ішкі және сыртқы аудиттер.
Отын ресурстарын жалпы тұтыну12, ГДж
12 2021 жылғы мәндер есептеуді нақтылауға байланысты 2021 жылғы БЖЕ-де ұсынылғандардан ерекшеленеді. ОЭР-ды жалпы тұтынуы 41 892 ГДж-ға өсті.
«Қазақтелеком» АҚ-да ресурс үнемдеуші технологияларға көшу және энергия тиімділігін арттыру негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Компания өзінің энергия өндіруші объектілерінің жұмысы кезінде импортталатын электр, жылу энергиясын және отын ресурстарын тұтынуды азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.
2022 жылы отын тұтынудың жалпы көлемі 419 034 ГДж құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 1,8%-ға төмен. Энергияның негізгі көздері — бензин мен дизель отыны. Компанияда 248 жылжымайтын мүлік объектісінде, оның ішінде дизель отынымен (103 объектіде), газбен жылытумен (103 объектіде), қатты отынмен (39 объектіде, оның ішінде электр қазандықтарында — 28 объекті) жұмыс істейтін автономды жылыту жүйелері пайдаланылады. Компания дизельді пайдаланатын жылыту жүйелерінің санын азайтады (2021 жылы олардың саны 108 нысанды құрады), бұл жалпы атмосфералық шығарындыларды азайтады. Табиғи газды жағу көмір мен дизельді жағуға қарағанда көмірқышқыл газын аз шығарады, сондықтан ол қоршаған ортаға аз әсер етеді.
2022 жылы электр энергиясын тұтыну 622 298 ГДж-ны құрады, өткен жылмен салыстырғанда мыс желілерін заманауи оптикалық-талшықты байланыс желілеріне ауыстыру және дедупликациялау жобасын іске асыру нәтижесінде көрсеткіш 13%-ға төмендеді. Нәтижесінде энергия тұтынатын жабдықтың көп бөлігі пайдаланудан шығарылды және жарықтандыруға электр энергиясын тұтынатын әкімшілік ғимараттардың үй-жайлары босатылды.
Энергия үнемдеу жөніндегі бағдарламаларды іске асыру есебінен энергия тұтынуды және парниктік газдар шығарындыларын жалпы қысқарту
Көрсеткіш атауы | 2022 |
---|---|
Мыс желілерін дедупликациялау, ГДж | 7 761 |
Нұршамдарды ауыстыру, ГДж | 605 |
Энергияны тұтынудың жалпы төмендеуі, ГДж | 8 386 |
ПГ шығарындыларының жалпы төмендеуі, тонна CO2-экв. | 1 966 |
Меншікті энергия тұтыну динамикасы тұрақты төмендеуді көрсетеді. Есеп беру кезеңінде ол 9%-ды құрады.
2022 жылы ТКДБ-ның іс-шараларын іске асыру есебінен энергия тұтынудың жалпы қысқаруы 8 386 ГДж құрады. Нәтижесінде 113 442 абонент мыстан талшықты-оптикалық байланысқа ауыстырылды және 11 575 нұршам жарықдиодты шамдарға ауыстырылды.
Компания келесі жылдары жылыту жүйелерін газға біртіндеп ауыстыруды жоспарлап отыр, бұл басым міндеттердің бірі болып табылады. Компанияның бөлімшелері жылуэнергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды үнемі өткізеді.
2023 жылға және орта мерзімді келешекке арналған жоспарлар
2023 жылы энергия тиімділігін арттыру бойынша мынадай іс-шараларды орындау жоспарлануда:
- Компания объектілерін жылыту маусымына дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ғимараттар мен құрылыстарды жылыту арқылы жылу шығынын жою.
- Автономды жылыту жүйелеріне техникалық қызмет көрсету.
- Жарықдиодты шамдарға ауысу.
- Жарықтандыру жүйесіне арналған қозғалыс/болу сезбегін орнату.
- Дербес компьютерлерде екі сағаттан артық жұмыс болмаған кезде олардың ұйқы режимін орнату, сондай-ақ дербес компьютерлерді автоматты түрде өшіру үшін бағдарламалық жасақтаманы орнату.
- Мыс желілерін заманауи оптикалық-талшықты технологияларға дедупликациялау және ауыстыру жобасын жалғастыру.
- Міндетті энергия аудитін жүргізу.