Дивидендтік саясат
«Қазақтелеком» АҚ дивидендтік саясатының мақсаты Компания мен акционерлер мүдделерінің теңгерімін, дивидендтердің мөлшерін, оларды төлеу шарттары мен тәртібін айқындау кезінде тәсілдің болжамдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.
Компанияның дивидендтік саясатының негізгі қағидаттары айналымдағы акциялардың барлық пакетіне кепілдендірілген
дивидендтер төлеуді қамтамасыз ету қағидаты және Компанияның қаражаты есебінен іске асырылатын қызметтің жаңа
түрлерін және инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қоса алғанда, Компанияның қызметін қаржыландыруды қамтамасыз
ету қағидаты болып табылады.
Төленетін дивидендтердің мөлшері қаржылық тұрақтылық пен өтімділік көрсеткіштері негізінде айқындалатын Компанияның
қаржылық-экономикалық жағдайына байланысты.
Компания төлеуге ұсынылатын дивидендтердің мөлшері акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының (18.01.2013 ж. №49
хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақтелеком» АҚ-ның Дивидендтік саясат туралы ережеде баяндалған дивидендтерді
есептеу әдістемесіне сәйкес «Қазақтелеком» АҚ-ның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының 2013 жылғы 27
желтоқсандағы №51 шешіміне сәйкес өзгерістер мен толықтырулармен айқындалады. Дивидендтер мөлшері туралы түпкілікті
шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды.
2022 жылы акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешіміне сәйкес (2022 жылғы 31 қазандағы №75 хаттама)
дивидендтер төлеуге бас компанияның меншік иелеріне тиесілі 2021 жылғы шоғырландырылған бөлінбеген пайданың 43,53%-ы
жіберілді.